
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Мирас Маратұлы 24kz телеарнасында өңіріміздегі егістік алқабысының ұлғаюы мен егін науқаны аяқталуы тақырыбында өз сұхбатын берді.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 750 мың га (дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары - 306,4 мың га, майлы дақылдар 301 мың га, жем-шөп - 129 мың га, картоп - 7,8 мың га, көкөніс және бақша дақылдары - 5,8 мың га) құрайды.
Көктемгі дала жұмыстарының жоспарланған көлемдерін жүргізу үшін 9,3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Осы жұмыс түрлерін жүргізу үшін 12 900 бірлік шынжыр табанды және доңғалақты техника тартылды.
Толық бейнені көру үшін сілтеме бойынша 24kz YouTube арнасына өту керек