«Кең Дала 2» несиелік бағдарламасына қатысты жиын өтті

«Кең Дала 2» несиелік бағдарламасына қатысты жиын өтті

2024 жылғы 5 маусымда ZOOM конференциясы арқылы Абай облысы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалының директоры, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (басқарма басшысының орынбасары - Б. Н. Артықпаев) және ауыл шаруашылығы саласындағы қала мен аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған «Кең Дала 2» жаңа кредиттеу бағдарламасын (ағымдағы жылдан бастау алды) түсіндіру бойынша кеңесі өтті.
Кеңесте несие беру және кредит алу процесін оңайлату жөніндегі проблемалық мәселелер талқыланды.
Ағымдағы жылға осы бағдарлама бойынша 8 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда АШТӨ-ден 2,6 млрд.теңге сомасына 42 өтінім берілді