Ағымдағы жылдың 23 мамырында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Абай облысына жұмыс сапарымен келді

Ағымдағы жылдың 23 мамырында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Абай облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде ағымдағы жылдың 23 мамырында Бағлан Бекбауов Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бесқарағай және Бородулиха аудандарындағы шаруа қожалықтарының егіс жұмыстарының қарқынымен танысып, көктемгі дала жұмыстарының барысы мен егістіктердің жай-күйін бағамдады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тікелей жеңілдетілген несиелендіру құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Анықтама:
Жедел деректер бойынша ағымдағы жылда облысымызда 352 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 352 мың га) аумақта ылғал жабу жұмыстары жүргізілді, егіс алдындағы өңдеу – 416,8 мың га немесе 100% (жоспар бойынша 416,8 мың га) орындалды; көктемгі жырту – 191,2 мың га немесе 99,2% (жоспар бойынша 192,7 мың га); дәнді дақылдар 252,3 мың га немесе 82,3% (жоспар бойынша 306,4 мың га), майлы дақылдар 233,5 мың га немесе 77,6% (жоспар бойынша 301 мың га) егілді. Аталған жұмыстар тұрақты бақылауда.