
Мемлекет басшысының 2030 жылға дейін суармалы жерлер көлемін ұлғайту тапсырмасы аясында облысымыздың Ақсуат ауданында «Алтын Алтай» шаруа қожалығымен 1 мың га суармалы жер алқабына замануи су үнемдейтін технология (тамшылатып суару) қондырғысы орнатылды. Аталған технология арқылы ағымдағы жылы 200 га суармалы жер алқабы (жүгері мен күнбағыс дақылдары егілді) суландырылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы осы бағытта мал азықтық дақылдарының өндірісін ұлғайту мақсатында Көкпекті, Жарма, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарында жаңбырлатып, тамшылатып суару әдістерін пайдалану арқылы (жалпы ауданы 5,4 мың га) 7 жоба іске қосылмақ.
Бейнематериалды "Медиагалерея" бөліміне өтіп көре аласыздар.