
Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен республика кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Биыл конкурсқа қатысуға 354 ұйым өтінім берді, оның ішінде 87 ірі кәсіпкерлік, 267 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында 198 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында – 53 өтінім, «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында – 52 өтінім, «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында – 33 өтінім, 2020 жылдан бастап тағайындалған «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығымен марапаттауға 18 өтінім түсті.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Абай облысының «Шығыс Бройлер» ЖШС лауреат атанды.