Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, ауыл тұрғындарын қолдауға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуде. Өз қызметі аясында басқарма мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне, шаруалар мен фермерлік қожалықтарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Ерекше көңіл тұрғындарды мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде субсидиялау, жеңілдетілген несие беру, кооперацияны дамыту және заманауи агротехнологияларды енгізу туралы ақпараттандыруға аударылады. Басқарманың мамандары тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, ауылдық елді мекендерге шығарып қабылдау ұйымдастырады, мал шаруашылығы мен егіншілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
2024–2028 жылдарға арналған валдық ауыл шаруашылығы өнімін екі есе арттыру жөніндегі Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Ауыл шаруашылығы басқармасы кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізуде. Негізгі назар қалалар мен аудандармен іс-қимылды үйлестіруге және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен тығыз өзара әрекеттестікті орнатуға аударылады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру және кері байланыс алу мақсатында облыс аумағында шығарып кездесулер ұйымдастырылады.
Шығарылып өткізілетін іс-шаралар мен кездесулер барысында «Көктемгі далалық дайындық жұмыстары, ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау мен несие беру, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу жолдары» тақырыбында семинарлар өткізіледі. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы да белсенді жүргізілуде, бұл тұрғындарға өзекті ақпаратты жедел жеткізуге және туындайтын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындарымен жұмыс Абай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Басқарма диалогқа ашық және өңірдің аграрлық секторын дамытуға мүдделі барлық тараптармен әрі қарай конструктивті ынтымақтастыққа дайын.