Меню

Страницы

Статья

Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының халықпен жұмысы

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, ауылдық аумақтарды дамытуға және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған халықпен өзара іс-қимыл бойынша жүйелі және дәйекті жұмыс жүргізуде.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

  • Халықты консультациялық қолдау. Тұрақты негізде азаматтарды қабылдау жүргізіледі, мемлекеттік қолдау, жеке қосалқы шаруашылықтарды жүргізу, субсидиялау және гранттық қолдау бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша түсіндірмелер беріледі.
  • Ақпараттық жұмыс. Ауылдық елді мекендердің тұрғындарына қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, жаңа нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат уақтылы ұсынылады.
  • Оқыту және көшпелі іс-шаралар. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен, жаңадан бастаған фермерлермен және кооператив өкілдерімен семинарлар, дөңгелек үстелдер және жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастырылады. Ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу мәселелері бойынша ағарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.
  • Фермерлік және жастар бастамаларын қолдау. Бизнес-жоспарларды әзірлеуге, грант алуға өтінімдерді ресімдеуге, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарын құру және жүргізу мәселелері бойынша кеңес беруге көмек көрсетіледі.
  • Жедел кері байланыс. Қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру және уақтылы ден қою мақсатында азаматтардың өтініштері мен халықтан келіп түсетін ұсыныстарға мониторинг жүргізіледі.

Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында үстіміздегі жылдың мамыр айында ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасарлары өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер (АШТӨ) басшыларымен кеңес өткізді.

Кеңестерде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша Жол картасында көзделген негізгі шаралар талқыланды, сондай-ақ мемлекеттік қолдау тетіктері, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, инвестициялар тарту және аграрлық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Халықпен жұмыс істеу Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы қызметінің басымдығы болып қала береді. Біз диалогқа ашықпыз және өңірдің аграрлық секторын дамытуға мүдделі барлық азаматтармен одан әрі сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз.

 

Дата публикации
09 июня 2025
Дата обновления
10 февраля 2026
Тип

Сейчас читают

Тізбе
04 сентября 2026
Қазақша аудармасы: Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Сұхбат
10 февраля 2026
"Игілік" бағдарламасы
10 февраля 2026
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы