«Ауыл шаруашылығы басқармасы ММ (бұдан әрі-Басқарма) 2025 жылғы 1-тоқсанда келіп түскен құжаттамамен жұмыс бойынша мынаны хабарлайды:
Ф2ГО жылдық есебін жүктеу нәтижелері бойынша «e-Otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жеке және заңды тұлғалардың 172 өтініші келіп түсті, оның ішінде:
Бұдан басқа, 2025 жылдың 1 тоқсанында «I-protocol» бақылау базасы арқылы Басқармаға облыс әкімінің белгіленген мерзімде бұзушылықсыз орындалған 6 хаттамалық тапсырмасы келіп түсті.
«Documentolog» бірыңғай құжат айналымы жүйесі арқылы Басқармаға 1 тоқсанда 1001 құжат келіп түсті, оның ішінде 984 құжат мерзімінде қаралды және бақылаудағы мерзімдерде бұзушылықсыз орындалды. Қалған 17 құжат орындау мерзімі бойынша 2 тоқсанға көшті.
Басқармаға келіп түскен барлық бақылау құжаттары бойынша қарау мерзімдері сақталды. Құжат айналымы бойынша орындаушылық тәртіпті сақтау үшін Басқармада басқарма мамандары арасында түсіндіру, алдын алу жұмыстарын (келіп түскен құжаттар мониторингінің нәтижесіне сәйкес) жүргізу ерекше бақылауда болады.