Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі

Биыл облыста ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 486 миллиард теңгеге жетіп, өсім 103 пайызды құрады. Ірі қара мал саны 743 мың басқа жетіп, республика бойынша 3-орында тұр.

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді. Ет кластерін құру, сүтті-тауарлы фермаларын салу, ет құс шаруашылығын дамыту және суармалы егіншіліктің әлеуеті сияқты бағыттарды қамтиды. Бұл бағытта ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы аясында 13 миллиард теңгеге ет комбинаты, бордақылау алаңдары, сүтті тауарлы фермалары, су үнемдеу технологиялары, қой шаруашылығы, тауарлы балық өсіру жобалары іске асырылуда. Аталған бастамаларды қолдау үшін 13 млрд теңгеге жобалар қаржыландырылып, жыл соңына дейін қосымша 8 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.

Ет кластерін дамыту аясында Жаңасемей ауданы Шақаман ауылында «ЕвразияАгроСемей» ЖШС тәулігіне 35 тонна ет өңдейтін кешеннің құрылысы басталды. Мұнда жылына 12,6 мың тонна ет өнімдері шығарылып, 7 мың бас қойға арналған бордақылау алаңы дайындалған.

Дата публикации
27 мая 2025
Дата обновления
27 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тізбе
04 сентября 2026
Қазақша аудармасы: Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
10 февраля 2026
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының халықпен жұмысы
Сұхбат
10 февраля 2026
Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы