Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Сүт өндіру және өңдеу

Бүгінгі таңда облыс бойынша жылдық қуаттылығы 17,1 мың тонна болатын 7 сүт өңдеу кәсіпорны бар. Облыстың сүт зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 8 сүтті-тауарлы фермасы (МТФ) және 7 сүт қабылдау пункті (МПП) жұмыс істейді. Жыл басынан бері 18 008,4 тонна сүт жиналды (оның ішінде сүт-тауар фермаларында – 15 921,8 тонна; сүт қабылдау пункттерінде – 2 086,6 тонна).

Етті қайта өңдеу

Облыс бойынша ет қажеттіліктен 3 есе көп өндіріледі. Артық ет пен тірі мал республиканың басқа өңірлеріне, сондай-ақ экспортқа өңделмеген түрде сатылады.

Облыста шұжық өнімдерін шығаратын 3 цех жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1 939 тонна шұжық өнімдері өндірілді, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,4% - ға өсті.

Тауарлық жұмыртқа өндірісі

Облыста қуаттылығы жылына 23 млн. дана жұмыртқа бағытындағы 1 құс фабрикасы бар, бұл ретте халықтың қажеттілігі жылына 159,8 млн.дана құрайды.

Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылы облыста тауарлық жұмыртқа өндірісі шаруашылықтардың барлық санаттары (оның ішінде ЖҚШ) бойынша 58,1 млн.дананы құрады, бұл қажеттіліктің 36,3% -. құрайды.

Ұн өндіру

Бүгінде астық өңдеу саласында 8 кәсіпорын жұмыс істейді (ұн, макарон). 2025 жылы 65,9 мың тонна ұн, 2,2 мың тонна макарон өнімдері өндірілді.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өсімдік майын өндіруге 8 кәсіпорын жұмылдырылды, олар 2025 жылы 137,6 мың тонна өсімдік майын (тазартылмаған) өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,8 пайызға артық (126,5 мың тонна.).

 

Дата публикации
30 марта 2024
Дата обновления
15 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тізбе
04 сентября 2026
Қазақша аудармасы: Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
10 февраля 2026
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының халықпен жұмысы
Сұхбат
10 февраля 2026
Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы