Меню

Страницы

Статья

«Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру бойынша Ақпарат

 «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру бойынша

Ақпарат

2023 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша  2 059,5 млн.теңге бөлінді.

Скрининг нәтижесі бойынша 6 аудан, оның ішінде 96 ауылдық округ енгізілген болатын.

Жыл қорытындысы бойынша 2 059,5 млн. теңге сомасында қаражат толығымен игерілді.

280 жұмыс орны құрылды, 210 жеке кәсіпкер тіркелді.

363 жеңілдетілген шағын несие берілді, оның ішінде:

  • ІҚМ сатып алуға 1066,3 млн. теңге сомасына 205 несие

(2741 аналық бас сатып алынды);

2) ұсақ мал сатып алуға 113,9 млн. теңге сомасына 21 несие (2050 қой сатып алынды);

3) жылқы сатып алуға 835,6 млн. теңге сомасына 129 несие (1880 бас жылқы сатып алынды);

4) омарта ашуға 16,5 млн. теңге сомасына 3 несие

(250 ара ұясы сатып алынды);

5) ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне 27,1 млн. теңге сомасына 5 несие (наубаханаға жабдықтар мен негізгі құралдарды сатып алу және наубайхананы одан әрі ашу).

________________________

 

2024 жылға арналған жобалардың әлеуетті пулын қалыптастыру шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау үшін 327 елді мекенде 135 ауылдық округ бойынша 8 ауданда (оның ішінде Семей қаласының әкімшілік аумақтарының ауылдық округтерінде) сауалнамаларға сәйкес скрининг жүргізілді.

Алынған скрининг деректеріне сүйене отырып ауылдық округтердің мамандануының келесі деңгейлері анықталды:

1) мал шаруашылығы бойынша: мамандануы жоғары 50, орташа мәні 72, төмен мәні 13 ауылдық округтер.

2) өсімдік шаруашылығы бойынша: мамандануы жоғары 30, орташа мәні 70, төмен мәні 35 ауылдық округтер.

Ағымдағы жылы скрининг қорытындысы бойынша несиелеуге облыс аудандарының барлық ауылдық округтері тартылатын болады. Ағымдағы жылға 1 320,0 млн. теңге бөлінді. 538 жаңа жұмыс орнын құру және Атаулы әлеуметтік көмек алатын 10 адамға несие беру жоспарлануда. Мал шаруашылығы бағыты бойынша несие беру үлесі 50%, өсімдік шаруашылығы 40% және ауыл шаруашылығы емес бизнес 10% құрайды.

Барлығы 264 несие беру жоспарлануда. Олардың ішінде:

- Мал шаруашылығы саласында 660 млн. теңге сомасына 132 несие;

- Өсімдік шаруашылығы саласында (бағбандыққа, Бизнестің типтік түрлеріне, гидропоника, жылыжайға) және Ауыл шаруашылығы емес бизнеске 660 млн. теңге сомасына 132 несие;

Әр ауданда кемінде 1 Ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Барлығы 10 кооператив құрылады.

Бағдарламаны іске асыру сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жүзеге асырылады. Сенім білдірілген өкілді (агентті) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган айқындайды. Қазіргі уақытта сенім білдірілген өкіл (агентті) анықтау процедурасы жүріп жатыр. Қаржыландыру жоспарына сәйкес РБ-тан бюджет қаражатын бөлу ағымдағы жылдың мамыр айында жоспарланған.

________________________

 

Дата публикации
30 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Тізбе
04 сентября 2026
Қазақша аудармасы: Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
10 февраля 2026
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының халықпен жұмысы
Сұхбат
10 февраля 2026
Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы