2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыста өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда жануарлар санының келесі түрлері бойынша ұлғаю үрдісі байқалады:
ІҚМ 766,5 мың бас
жылқылар 363,8 мың бас
қой 1 106,9 мың бас
ешкі 117,9 мың бас
түйелер 483 бас
Шошқалар 5,3 мың бас
құстар 1 222,1 мың бас.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру: Облыс бойынша барлық түрдегі ет өндірісі 100,7 мың тоннаны құрады (оның ішінде сиыр еті 48,8 мың тонна, қой еті 97,8 тонна, шошқа еті 1,3 тонна, жылқы еті 12,7 мың тонна, құс еті 27,7 мың тонна), сиыр сүті 46 960,5 мың тонна, тауық жұмыртқасының өндірісі 5 754,9 мың. дана.
Облыста агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын одан әрі дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.
Ет саласына қатысты
2024 жылғы 1 наурызға жағдай бойынша өңірде 38 бордақылау алаңы (қуаттылығы 16 614 басқа арналған орын) жұмыс істейді, оның ішінде 11 өнеркәсіптік бордақылау алаңы қуаттылығы 1000 бас орнынан басталатын (жалпы қуаттылығы 22,0 мың басқа арналған орын).
2024 жылдың басынан облыс бойынша бордақылау алаңдарының жүктемесі 37,6 %-. құрады (бордақылауға 6,3 мың бас бұқа қойылды).
Сонымен қатар, бүгінгі таңда облыста шұжық өнімдерін шығаратын 3 цех жұмыс істейді. Оның ішінде Бородулиха ауданының "Е.Зайтенов" шаруа қожалығы (жылына 375 тонна өнім) және Семей қаласының "Қалиханұлы" шаруа қожалығы (жылына 100 тонна өнім) өз шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы жануарларынан шикізат алады. "Арай-EAST FOOD" ЖШС үшінші өңдеу цехы (жылына 3650 тонна өнім) шикізатты тек Моңғолиядан сатып алады.
Сүт саласына қатысты
Облыстың сүт зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 2 969 сауын басына 11 сүт-тауар фермасы (МТФ) және халықтан сүт сатып алуға тартылған 7 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың басынан өңдеуге 2,3 мың тонна шикізат жіберілді, оның ішінде МТФ - 2 мың тонна және сүт қабылдау пункті - 297 тонна.