ВАК (ведомствоаралық комиссия) сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі 2023 жылғы 10 тамыздағы «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығымен шешімінің негізінде:
- 2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге (СЭҚ ТН: 100119; 100199) 6 ай мерзімге тыйым салу ұзартылды;
- лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен теміржол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу (СЭҚ ТН: 100119; 100199) белгіленді.
Осылайша, бидайдың кез-келген тұтынушысы оны лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады.
ҚР АШМ тізіміне сәйкес Абай облысы бойынша бидай импорты үшін 11 лицензияланған астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындары бар.Ағымдағы жылдың басынан бастап Ресей Федерациясынан лицензияланған элеваторлармен, астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарымен бидай импортының көлемі 17 691 тоннаны құрады.
Бүгінгі таңда Ресейлік кәсіпорынмен («Новосибирск азық-түлік корпорациясы» ЖШС) ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларына 4 000 тонна бидай жеткізуге келісімшарттар жасалды.