БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялау ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.
Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде (осы тармақтың жетінші бөлігінде қарастырылған жағдайды қоспағанда) көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушының теңгемен төлеген 6 (алты) % сомасы арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.
Бұл ретте, қарыз алушы басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын сатып алуды көздейтін, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес қосымша ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуды көздейтін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қарыз шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 (алты) % төлейді.
Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін өнеркәсіптік қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады. Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган оны СМАЖ-да орналастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдықты сатып алуды көздейтін қалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 15 (он бес) % төлейді, Ұлттық бюджеттің базалық мөлшерлемесінің сомасы арасындағы айырма нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі Қазақстан Республикасының Банкі плюс жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушы төлеген 15 (он бес) % теңгемен мемлекеттік бюджеттен субсидияланады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтарға дейін жасалған номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 10 (он) пайызға төмендету көзделеді.
2021 жылғы 4 желтоқсанға дейін жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттары бойынша, ресей рублімен және өзге валютамен берілген қарыз шарттары шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұсыныс берілген күні қолданыста болатын және ұсыныс берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан аспайтын уақыт бұрын жасалған қарыз шарттары субсидиялануға тиіс.
Субсидиялануын тоқтату туралы шешім қабылданған қарыз шарты бағдарламаға 1 (бір) реттен асырмай қайта қатысуға жіберіледі.
Бағдарламаға қайта қатысатын қарыз шарттары бойынша субсидиялау осы Қағидалардың 15-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда қарыз алушы ұсыныс берген күннен басталған кезең үшін бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай, 4 (төрт) жыл мерзім бойынша талапты қоспай, субсидиялау нормативтері, мерзімдері бөлігінде бұрын жойылған субсидиялау шартында көрсетілген бұрынғы талаптармен қарыз алушы қайта қатысуға ұсынысты берген күннен бастап қалпына келтіріледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайда (осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда), бұрын мақұлданған және есептелген субсидиялар сомасы ұлғайтылмайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды.
Қаржы институттары уәкілетті органдардың құжаттарына сәйкес қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) үшін жағдайды нашарлататын мән-жайлардың туындауына байланысты, оның ішінде "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу және (немесе) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау нәтижесінде сыйақы мөлшерлемелерін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу мерзімдерін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруды ұсынған жағдайда, аталған шектеу қарыз шарттарына қолданылмайды.
Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі борышты өтеу мерзімін 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға байланысты сыйақы сомасы ұлғайған жағдайда, субсидиялар сомасын ұлғаю жағына қарай қайта есептеу жүргізіледі, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау шартын ұзартуға жол беріледі.
Мерзімін ұзарту сәтінде субсидиялау шартының қолданылу мерзімі өткен қарыз шарттары бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес субсидиялау шартының ұзарту мерзімі мен сомасын ұлғайта отырып, қайта қатысуға ұсыныс беру арқылы субсидиялау шартын ұзартуға жол беріледі.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Мақұлданған ұсыныстар бойынша субсидиялау шартын жасау және субсидияларды төлеу ұсыныстардың келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты болмаған жағдайда, субсидияларды төлеу келесі қаржы жылында жүргізіледі.
Ұсыныстарды қабылдау бюджетте қаражат болған жағдайда жүзеге асырылады.
25. Міндеттемелерден бос бюджет қаражаты болған кезде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) және қаржы институтына келіп түскен ұсыныстардың кезектілік тәртібін сақтай отырып, субсидиялау шартын жасасу туралы хабарлама жібереді.";
26-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы Қағидалардың 15-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы қалыптасқан жағдайда, қаржы институты мынадай жағдайларда олардың жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) қайтарылуын қамтамасыз етеді:
1) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) бағдарлама құрамынан шығарылған кезде – жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімі қабылданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде;
2) қолданыстағы қарыз шартының шарттары өзгертілгенде, сондай-ақ қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі қарызды мерзімінен бұрын өтегенде – тоқсан сайынғы есептілік ұсынылғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде;
3) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімде негізгі борыштың және/немесе сыйақының жоспарлы төлемін өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған кезде қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) субсидиялауды тоқтату туралы жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) ақпаратты алған күннен бастап – 1 (бір) ай ішінде қайтару қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Өткен жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтарылатын сома төлемдер жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.";
86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Қаржы институттарының (көрсетілетін қызметті алушылардың) сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
ТСМ = (ҚР ҰБ БМ + 2 %) х қаржыландыру жоспарының көлемі + жасалған қарыз шарттары бойынша негізгі борыштың қалдығы,
мұндағы:
ТСМ – тікелей субсидиялау мөлшері, теңге;
ҚР ҰБ БМ – қаржы институтының (көрсетілетін қызметті алушының) бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнінің алдындағы күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі;
қаржы институтын қаржыландыру жоспарының көлемі – қаржы жылының жоспарлы кезеңіне арналған бағдарлама бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін кредиттің, лизингтің болжамды сомасы;
жасалған қарыз шарттары бойынша негізгі борыштың қалдығы –бағдарлама бойынша кредит, лизинг алған агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің негізгі борышының қалдығы.
87. Қаржы институттарының (көрсетілетін қызметті алушылардың) сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау сомасын есептеу үшін қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мөлшері қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне өзгеріссіз қалады.";
мынадай мазмұндағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
"87-1. Қаржы институттарының (көрсетілетін қызметті алушылардың) сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау сомасын есептеу үшін қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мөлшері өзгерген жағдайда, қаржы институты (көрсетілетін қызметті алушы) Министрлікке осы Қағидаларға 17-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын қаражат көлемін түзету туралы хабарламаны жолдайды.";
89-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) соңғы 2 (екі) жыл ішінде қаржы институтына берілген "B" төмен емес бағамен халықаралық рейтингтік агенттіктің рейтингінің болуы;";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. Қаржы институттарының (көрсетілетін қызметті алушылардың) бағдарламаға қатысуға арналған өтінімдерін қабылдауды Министрлік қажеттілігіне қарай есепті жылдың 10 қаңтарынан 1 желтоқсанына дейін СМАЖ арқылы жүзеге асырады.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Қаржы институтына (көрсетілетін қызметті алушыға) субсидия қаражатын 100 (жүз) % мөлшерде бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған кезде не республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына субсидиялауға арналған қаражат болған кезде, Министрлік қаржы институтының (көрсетілетін қызметті алушының) бағдарламаға қатысуға өтінімін мақұлдау туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институтымен (көрсетілетін қызметті алушымен) тікелей субсидиялау шартын жасасады.";
96 және 97-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Министрлік есепті жылға арналған төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкеc бағдарлама бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімде көрсетілген субсидиялар сомасын қаржы институтының (көрсетілетін қызметті алушының) екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы шотына аударады.
Субсидиялар аударылғаннан кейін Министрлік қаржы институтына (көрсетілетін қызметті алушыға) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институтына (көрсетілетін қызметті алушыға) субсидиялар аудару туралы хабарлама не осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институтына (көрсетілетін қызметті алушыға) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қаржы институттары (көрсетілетін қызметті алушылар) СМАЖ-ға тіркеу кезінде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ СМАЖ-дағы жеке кабинетке жіберіледі.
97. Қаржы институты (көрсетілетін қызметті алушы) субсидиялар қаражатын алғаннан кейін не қаржы институтына субсидия қаражатын 100 (жүз) % мөлшерде бөлуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған кезде не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте субсидиялауға арналған қаражат болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша қарыз шарттарын жасасу жолымен жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі бойынша бағдарлама шеңберінде қарыз алушыларды қаржыландыруды жүргізеді.
Бұл ретте есепті жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушылармен жасалған, бұрын берілген қарыздар бойынша қаржыландыру көзін ауыстыруға жол беріледі.";
1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10-қосымша алып тасталсын;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес 17-1-қосымшамен толықтырылсын;
18, 19, 20, 21, 22 және 23-қосымшалар осы бұйрыққа 9, 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
26-қосымша осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Аталған бұйрық күшіне енгенге дейін резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидия төлемдері қосымша бюджеттік қаражат бөлінген жағдайда ұсыныстың резервке (күту парағына) келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. Егер ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджеттік қаражат қарастырылмаған болса, онда аталған бұйрық күшіне енгенге дейін резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидия төлемдері кейінгі қаржы жылдарында жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 36-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"36. Арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы туындаған жағдайда, оларды қаржы институтының жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) мынадай жағдайларда қайтаруы қамтамасыз етіледі:
1) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) бағдарлама құрамынан шығарылған кезде – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде;
2) қолданыстағы қарыз шартының шарттары өзгертілгенде, сондай-ақ қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі қарызды мерзімінен бұрын өтегенде – тоқсан сайынғы есептілік ұсынылған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде;
3) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі қарыздың жоспарлы төлемін және (немесе) сыйақыны өтеу жөніндегі міндеттемелерін қатарынан 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімге орындамаған кезде – жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) субсидиялауды тоқтату туралы ақпарат алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде.
Бұл ретте ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығына сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Алдыңғы жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтарылатын сома төлемдер жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.".
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Жүктеу
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функциялярды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://gosagro.kz/auth/login
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: нысан № СУБ010000
Мерзімділігі: бір жолғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: қарыз алушы және қаржы институты
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 10 қаңтарынан бастап
Жеке сәйкестендіру нөмірі /
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде / қағаз түрінде
Осымен:
1) қарыз шартының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі;
2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) болып табылатындығы;
3) қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушы қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрмағаны және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның қызметінің тоқтатыла тұрмағаны;
4) қарыз шартының республикалық бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;
5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілерінің болмауы;
6) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы;
7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбауы расталады.
Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.
1. Қатысушы туралы мәліметтер
Жүктеу
|
1 |
Қарыз алушының атауы |
|
|
2 |
Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі |
|
|
3 |
Қарыз алушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы – жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/ заңды тұлға үшін - БСН |
|
|
4 |
Банк деректемелері |
|
|
5 |
Байланыс телефондары |
2. Субсидиялануы тиіс кредиттік шарттар (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат
Жүктеу
|
1 |
КШ (нөмірі және күні) |
|
|
2 |
Сомасы, теңге |
|
|
3 |
Сыйақы мөлшерлемесі, пайыз |
|
|
4 |
Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге |
|
|
5 |
КШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күні |
|
|
6 |
Кредит беру валютасы |
|
|
7 |
Кредит берудің/лизингтің нысаналы мақсаты (ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) (керегін қою). |
|
|
8 |
Қаржыландыру көзі |
|
|
9 |
Қарыз алушының ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) |
|
|
10 |
Кредит/лизинг нысанасы, мөлшері |
|
|
11 |
Лизинг нысанасын өндіруші ел |
|
|
12 |
Мемлекеттік тіркеу базасындағы есепке алу нөмірі |
3. Субсидиялау графигі:
Жүктеу
|
Жыл |
Ай |
Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі |
Сыйақының жалпы сомасы, теңге |
Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге |
Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге |
Кезең |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Жиыны |
Ұсыныс қағаз түрінде берілген кезде:
Қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы
__________________________________________________________
Қаржы институты басшысының немесе уәкілетті тұлғаның аты, әкесінің аты бар
болса), тегі және қолы _________________________________________
Қарыз алушының ұсынысқа қол қойған күні 20___ жылғы "___"_______
Қаржы институтының ұсынысқа қол қойған күні 20___ жылғы "___"___ _________.
Ұсыныс электрондық түрде берілген кезде:
Өтініш беруші 20___ жылғы "___" _________ сағат ___-де қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер (бұдан әрі – ЭЦҚ)
Қаржы институты 20___ жылғы "___" _________ сағат_____ -де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер Ұсынысты қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20___ жылғы "___" _________ сағат _________ қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Ұсыныс" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қаржы институттары мен қарыз алушылар толтырады.
3. Нысан басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
4. Нысан қаржы институттары мен қарыз алушылар тарапынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласында функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.
5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.
6. 1-кестенің 1-жолында қарыз алушының атауы көрсетіледі.
7. 1-кестенің 2-жолында басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
8. 1-кестенің 3-жолында қарыз алушы туралы мәліметтер көрсетіледі: жеке кәсіпкерлер үшін, соның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы – жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) / заңды тұлға үшін – БСН.
9. 1-кестенің 4-жолында банктік деректемелер көрсетіледі.
10. 1-кестенің 5-жолында байланыс телефондары көрсетіледі.
11. 2-кестенің 1-жолында кредиттік шарттың (нөмірі және күні) деректері көрсетіледі.
12. 2-кестенің 2-жолында сома теңгемен көрсетіледі.
13. 2-кестенің 3-жолында сыйақы мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі.
14. 2-кестенің 4-жолында субсидиялау күніне негізгі қарыз бойынша берешек қалдығы теңгемен көрсетіледі.
15. 2-кестенің 5-жолында кредиттік шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі.
16. 2-кестенің 6-жолында кредиттеу валютасы көрсетіледі.
17. 2-кестенің 7-жолында кредиттеудің/лизингтің мақсатты арналымы көрсетіледі (ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, инвестициялық мақсаттар (жеңіл автокөлік пен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс (ұн өндіруге, минералды сулар мен алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алу үшін алынған қарыздардан басқа) (қажеттісін енгізіңіз).
18. 2-кестенің 8-жолында қаржыландыру көзі көрсетіледі.
19. 2-кестенің 9-жолында қарыз алушының экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіндегі коды (ОКЭД) көрсетіледі.
20. 2-кестенің 10-жолында кредит/лизинг нысаны, саны көрсетіледі.
21. 2-кестенің 11-жолында лизинг нысаны өндірілген ел көрсетіледі.
22. 2-кестенің 12-жолында мемлекеттік тіркеу дерекқорындағы есептік нөмір көрсетіледі.
23. 3-кестенің 1-бағанында жыл көрсетіледі.
24. 3-кестенің 2-бағанында ай көрсетіледі.
25. 3-кестенің 3-бағанында кредит шартының кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі көрсетіледі.
26. 3-кестенің 4-бағанында сыйақының жалпы сомасы, теңгемен көрсетіледі.
27. 3-кестенің 5-бағанында мемлекет (субсидиялайтын) төлейтін сыйақы мөлшерлемесінің бөлігі көрсетіледі, теңгемен.
28. 3-кестенің 6-бағанында қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесінің бөлігі көрсетіледі, теңгемен.
29. 3-кестенің 7-бағанында субсидияланатын кезең көрсетіледі.
Қарыз шарты мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) алынған кредиттің/лизингтің агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған болуы;
2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салу (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) болып табылады;
3) мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты қарызды қаржыландыру көзі болып табылмайтындығы;
4) өтінім берген сәтте жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылатындығы;
5) сыйақы мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбауы;
6) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде сатып алуға жол берілмейтіндігі.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шеңберінде "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы және тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы субсидиялануға тиіс.
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функциялярды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://gosagro.kz/auth/login
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: нысан № СУБ020000
Мерзімділігі: бір жолғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институты
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
Субсидиялау шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде және/немесе кейінгі төлем мерзімі басталғанға дейін бір ай бұрын
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
![]()
Жинау әдісі: электронды түрде / қағаз түрінде
Жүктеу
|
Р/с № |
Қарыз алушының атауы және жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі |
Субсидиялау шартының нөмірі мен күні |
Қарыз шартының нөмірі мен күні |
Қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі |
Субсидия сомасы, тенге |
Кезең |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Субсидиялауға арналған өтінім қағаз түрінде берілген кезде:
Қаржы институтының басшысы (сенімхат бойынша өкілі) немесе уәкілетті адам
______________________________________________________
_________________________________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қаржы институтының өтінімге қол қойған күні: 20___ жылғы "___" __________
Субсидиялауға арналған өтінім электрондық түрде берілген кезде:
Қаржы институты 20___ жылғы "___" __________ _ сағат__-де қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер (бұдан әрі – ЭЦҚ)
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20___ жылғы "___" __________ сағат ______-де қабылдады.
ЭЦҚ-дан алынған деректер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Субсидиялау туралы өтінім" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтырудың бірыңғай талаптарын айқындайды.
2. Нысанды қаржы институттары толтырады.
3. Нысан басшы (сенімхат бойынша өкілі) немесе уәкілетті тұлға қол қояды.
4. Нысан қаржы институттары тарапынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне ұсынылады.
5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында қарыз алушының атауы және жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында субсидиялау шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында қарыз шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында қарыз шартын өтеу күні көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында субсидия сомасы теңгемен көрсетіледі.
12. Нысанның 7-бағанында субсидияланатын кезең көрсетіледі.
___________ қаласы 20__ жылғы "___" __________
Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын ________ облысының (қаласының) ауыл
шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________ № ________ сенімхат
негізінде әрекет ететін __________ бір тараптан, бұдан әрі "Қарыз алушы" деп
аталатын _____________ атынан __________ негізінде әрекет ететін __________
екінші тараптан және бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын _________________
атынан ____________ негізінде әрекет ететін _________ үшінші тараптан, бұдан әрі
бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар, төмендегілер туралы
осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі – субсидиялау шарты)
жасасты.
1. Осы субсидиялау шартында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.
2. Осы субсидиялау шарты бойынша Жұмыс органы шартта айқындалған талаптарда Қаржы институтының қолдауымен осы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Карыз алушыны субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигі) сәйкес тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша (Жұмыс органының шешіміне сәйкес) бөлінген ақша сомасы шегінде Қарыз алушының қарыз шарты бойынша айқындалған сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
3. Жұмыс органы:
1) Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарауға:
2) оның Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу шарттарына сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес Қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;
3) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін Қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін айдың алдындағы айында аударуға;
4) субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қаржы институтының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шотын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;
5) субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы Қаржы институтын хабардар етуге міндеттенеді.
4. Қаржы институты:
1) ай сайын субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және Жұмыс органына жолдауға;
2) Қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша міндеттемелерінің мерзімін өткізіп алған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Жұмыс органын хабардар етуге;
3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақы төлеу мерзімдерін, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну, қарыз шарты бойынша соманы ұлғайту немесе азайту) өзгерген жағдайда, Жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, хабарлама жолдауға;
4) қаржы институтынан алынған қарыздың мақсатқа сай пайдаланылуына (оның ішінде толық пайдалану мәніне) тексеру жүргізуге;
5) қарыз алушының қарыз шартының талаптарын сақтауына, оның ішінде қарыз шарты бойынша кредит қаражатын толық игеру және мақсатқа сай пайдалану бойынша тексеру жүргізуге;
6) қарыз алушы қарыз шартының талаптары сақталмаған жағдайлар туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етуге міндеттенеді.
5. Қарыз алушы:
1) Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау шарттарын сақтауға;
2) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге;
3) қарыз шарты бойынша алынған кредиттік қаражатты қарыз шартының талаптарына сәйкес толық пайдалануға;
4) қарыз шарты бойынша кредиттік қаражатты толық немесе мақсатсыз пайдаланған кезде төленген субсидияларды қарыз шарты бойынша кредиттік қаражаттың толық пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған сомасына барабар қайтаруға міндеттенеді.
6. Тараптар осы шарт бойынша осы субсидиялау шартына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы субсидиялау шартынан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
7. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күштің мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы cубсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған кезде, осы субсидиялау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындаудың мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.
11. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген немесе мөрмен (бар болса) бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.
13. Жұмыс органы осы субсидиялау шартын мынадай жағдайларда біржақты бұзуды жүзеге асырады:
1) шартта қарыз алушының негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан орындалмаған міндеттемелерінің болуы;
2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салу;
4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;
5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;
6) Субсидиялау қағидаларының 15-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.
14. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар субсидиялау шарты бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
15. Осы субсидиялау шарты барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
16. Шартпен реттелмеген бөлікте, Тараптар дауды сот тәртібімен шешеді.
17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден 2 (екі) данадан жасалды.
18. Осы субсидиялау шартына қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.
19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:
Жүктеу
|
Жұмыс органы: |
Қарыз алушы: |
Қаржы институты: |
| Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына қосымша Нысан |
Қарыз алушының атауы: _________________________________________
Нөмірі, жасалған күні:___________________________________________
Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты:___________________________
Кредит шартының сомасы, теңге: _________________________________
Кредит шартының сомасы, валюта: теңге
KZT __________________________________________________________
Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі: ____________
Сыйақы мөлшерлемесі, %
Жалпы: _______________________________________________________
Субсидияланатын: ______________________________________________
Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________
Кредит шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге
Жалпы: _______________________________________________________
Субсидияланатын: ______________________________________________
Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________