Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау

    БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы комиссия – облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары деңгейінде құрылатын, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – "Атамекен" ҰКП) өңірлік кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық салалық одақтардың/қауымдастықтардың/республикалық палаталардың өкілдерінен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мамандарынан қалыптастырылатын және тауар өндірушілерде тиісті инфрақұрылымның бары бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асыратын комиссия;

      2) арнайы шот – субсидиялар сомалары аударылатын қаржы институтының екінші деңгейлі банктегі шоты;

      3) бордақылау алаңы – сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас мамандандырылған алаңы бар және одан әрі бордақылау үшін бұқашықтар сатып алуды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;

      4) етті мал шаруашылығындағы оператор – сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды тауарлық және қоғамдық табындарға жалға беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ одан әрі бордақылау үшін бұқашықтарды сатып алуды жүзеге асыратын бордақылау алаңы;

      5) қаржы институты – банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар қаржылық және кредиттік ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;

      6) қоғамдық табын – жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны;

      7) қой шаруашылығындағы оператор – саулық басы 3000 бастан басталатын, тауарлық отарларға асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды жалға беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ одан әрі бордақылау үшін еркек тоқтыларды сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық;

      8) мал бордақылау жөніндегі көрсетілетін қызметтер – меншігінде бордақылауға арналған бұқашықтары бар заңды тұлғаларға бордақылау алаңы көрсететін мал бордақылау жөніндегі ақылы қызмет;

      9) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – тауар өндіруші) – асыл тұқымды мал шаруашылығымен және (немесе) ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі;

      10) өтінім – тауар өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтінімі;

      11) сатып алынған асыл тұқымды жануарларды мақсатты пайдалану – сатып алынған және субсидияланған жануарларды осы Қағидаларда көрсетілген шарттар мен мерзімдерде өсімін молайту мақсатында пайдалану;

      12) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры (бұдан әрі – САТЖАҚ) – уәкілетті орган "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 34) тармақшасына сәйкес айқындаған оператор сүйемелдейтін, жануарлардың табынын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды жануарлар туралы және селекциялық процеске тартылған жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

      13) селекциялық және асыл тұқымды жұмысқа қатысатын аналық бас – табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген (мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар – 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар – 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша – 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша – 24 айдан бастап, шошқа шаруашылығы бойынша – 8 айдан бастап) жануарлардың ұрғашы дарақтарының басы;

      14) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – САЖ) – САТЖАҚ кіші жүйесі болып табылатын, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жүргізуге, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, Интернет желісінде орналасқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      15) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және САЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;

      16) тауарлық табын/отар – ірі қара малдың/қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді жүзеге асыратын шаруашылықтың немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны/қой отары;

      17) тұқымдық түрлендіру – өсімін молайтуда асыл тұқымды тұқымдық жануарларды пайдалану жолымен аналық бастың тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту;

      18) шағылыстыру маусымы – ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайту кезеңі;

      19) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Субсидиялар мынадай шарттарды сақтаған кезде төленеді:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде мыналарға арналған өтінімнің берілуі:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы (сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті тұқымдар), отандық етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқа, асыл тұқымды қойлар, өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғыр, асыл тұқымды тұқымдық түйе, шошқалардың асыл тұқымдық басы, ешкілердің асыл тұқымды аналық басы, етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан және асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан үшін субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу үшін субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша тауарлық отардың өсімін молайтуға пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу үшін субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын, сондай-ақ шаруашылықтыр мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша ірі қара малдың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша етті тұқымды асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 7-нысан бойынша қойдың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 8-нысан бойынша қойлардың тауарлық аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 9-нысан бойынша маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 10-нысан бойынша балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 11-нысан бойынша шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 12-нысан бойынша сүтті және сүтті-етті тұқымның асыл тұқымды бұқаларының бір жынысты немесе қос жынысты ұрығын сатып алу үшін субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 13-нысан бойынша эмбриондарды телу бойынша көрсетілетін қызметтерді субсидиялауға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 14-нысан бойынша құс етін (бройлер тауығының етін, күркетауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе сүті), биязы және жартылай биязы жүн өндіру, сондай-ақ, ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандатуға субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 15-нысан бойынша сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандатуға субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 16-нысан бойынша сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылауға өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтар құнын арзандату үшін субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 17-нысан бойынша сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылауға өткізілген бұқашықтар құнын арзандату үшін субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 18-нысан бойынша қозы өткізу құнын арзандатуға субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 19-нысан бойынша сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 20-нысан бойынша арнайы шотқа субсидиялар аударуға арналған;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 21-нысан бойынша асыл тұқымды ірі қара мал сатып алғаны үшін тиесілі субсидияларға арналған.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен САЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімнің САЖ-да ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тіркелуі;

      3) өтінімнің осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келуі.

      11. Өтінімдерді қабылдау ауыл шаруашылығы жануарларының орналасқан/тіркелген жері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес субсидиялау өлшемшарттарында көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

 

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 228 бұйрығына
1-қосымша
  Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

 

Субсидиялау бағыттары мен нормативтерінің тізбесі

 

Жүктеу

Р/с №

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

   

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы*

20 000

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

100 000

3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

сатып алынған бас

150 000

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу*

225 000

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

тірідей салмағы,
килограмм

200

6.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

қосқан салмағы,
килограмм

200

7.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады)

өндірілген сиыр етінің бір килограмы

175

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

 

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

   

1.1

Бір жынысты

сатып алынған доза

10 000

1.2

Қос жынысты

5 000

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

   

2.1

отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік

сатып алынған бас

150 000

2.2

Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген*

225 000

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:

3.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

Өткізілген немесе өңделген килограмм

35

3.2

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

20

3.3

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

10

3.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

10

4.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы

5000

5.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

100 000

6.

Эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

бас

80 000

7.

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату*/ **

бас

120 000

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

600

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату

1)

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген немесе өңделген килограмм

80

2)

10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

70

3)

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

60

4)

2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

50

3.

Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату

200

4.

Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату

40

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

1)

200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

3

2)

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

2,7

3)

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

2,5

4)

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

2,2

5)

20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

2

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

сатып алынған бас

140 000

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу*

бас/шағылысу маусымы

40 000

Қой шаруашылығы

1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас / шағылысу маусымы

1 000

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

2.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/ шағылысу маусымы

2 500

2.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

1 500

3.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

8 000

3.1

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу**

40 000

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

бас/шағылысу маусымы

10 000

5.

Қозы өткізу құнын арзандату

өткізілген бас

3 000

6.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату

6.1

Сапасы 60-тан басталатын жүн

өткізілген немесе өңделген килограмм

150

6.2

Сапасы 50-ден басталатын жүн

100

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

100 000

2.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

60

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

сатып алынған бас

100 000

2.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.

Маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

бас/шағылысу маусымы

10 000

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

5 000

 

      Ескертпе:

      * - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50%-ға дейін және мал азығын субсидиялау бойынша 100 %-ға дейін ұлғайтуға жол беріледі;

      ** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінгенде.

      Асыл тұқымды жануарлардың барлық түрлерін, етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.

      Отандық асыл тұқымды ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын сатып алу қаржы институтымен кредит беру шарты болған кезде субсидияланады, бұл ретте субсидиялар кредитті өтеу есебіне арнайы шотқа аударылады.

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚШ – Америка Құрама Штаттары;

      ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

 

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 228 бұйрығына
2-қосымша
  Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

 

Субсидияларды алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жеке және заңды тұлғаларға қойылатын өлшемшарттар

 

Жүктеу

№

Субсидиялау бағыты

Өлшемшарттар

САЖ-да субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі

Өтінімді беру мерзімі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

Өтінімді берген сәтте жануарлардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық мал басы

Өсімді молайтуда мынадай талаптарға сәйкес етті тұқымның асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын (өзінің бұқаларын немесе жалдау шарттарымен) пайдалану:
1) жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа;
2) қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
3) жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы;
4) бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық мал басы

1) аналық баста тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) асыл тұқымды аналық мал басын етті тұқымның тұқымдық бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыру немесе өсімін молайтуда етті тұқымның бірінші санатты асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын пайдалану.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу

1) бұқаларды жалға беру жөніндегі операторда есепке алу нөмірінің болуы және арнайы комиссияның оң қорытындысы бар сыйымдылығы кемінде 1000 бас болатын мал бордақылау алаңының сертификатталған болуы (тек операторлар үшін);
2) оператордың шаруашылықпен/ауыл шаруашылығы кооперативімен жасалған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды жалдау шартының болуы немесе осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында тауарөндірушілердің асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары – мал иелері жиыны хаттамасының болуы;
3) мынадай зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану:
- жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа есебімен;
- қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
- жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін

3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1) мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) сатып алынған бастың жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
қашарлар – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
құнажындар – 26 айға дейін (қоса алғанда);
бұқашықтар – 6 айдан 26 айға дейін (қоса алғанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

1) өтінім берген сәтте жануарлардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) бұқашықтардың тірідей салмағы 200-ден 300 килограмға* дейін;
3) бұқашықтардың жасы 7-ден 15 айға дейін (қоса алғанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген немесе ауыстырылған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

6.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

1) бұқалардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы (бордақылау алаңының меншігінде немесе бұқашықтарды бордақылау қызметін көрсету шарты бойынша);
2) бордақылаудағы бұқашықтарда радиожиілікті құлақ сырғаларының болуы;
3) бордақылауға қойған сәтте бұқашықтардың тірідей салмағы 200 килограмнан кем емес;
4) союға не елден тыс жерлерге өткізген сәтте бұқашықтардың тірідей салмағы - 400 килограмнан кем емес; бұқашықтардың сойылған салмағы - 210 килограмнан кем емес;
5) мыналары бар ірі қара малды бордақылауға арналған дамыған инфрақұрылымымен, етті бағыттағы ірі қара мал кәсіпорындарын технологиялық жобалауға ұсынылған нормаларға сәйкес келетін мамандандырылған алаңға арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы:
карантиндік алаң;
кіру дезинфекциялық тосқауылы;
малдарды ұстауға арналған қаша;
желден қорғаныс (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес);
науалар және суаратын астаулардың алдында қатты жабын;
бетонды/темір науалар немесе азықтық үстелдер;
автономды көз немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі;
жылытылатын автосуаттар (оңтүстік облыстар үшін міндетті емес);
көң сақтау орны және қар суларын жинауға арналған мүйіс;
азықдайындағыш және азықтаратқыш техника /жабдық (ұсақтағыш/астықты жаншығыш немесе құрамажем цехы, азықтаратқыштар);
азықтарды сақтауға арналған орын;
ветеринариялық пункт, өткелек және ІҚМ-ға арналған электрондық таразылары бар бекіткіш;
радиожиілікті сырғаларды санағыш;
малдарды түсіруге және тиеуге арналған басқыш;
азықтың қажетті көлемінің болуы және бұқашықтарды астықпен бордақылауға арналған рационның сақталуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

7.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады)

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорынға арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
1) жобалық қуаты жылына кемінде 100 мың бас болатын (ауысымға 400 бас) ірі қара малды сою және етін сүйектен ажырату жөніндегі өз жабдығының болуы;
2) сойылған ірі қара малдың қалдықтарын кәдеге жарататын өз жүйесінің болуы;
3) халықаралық сапа стандартына (халықаралық аудитпен расталған) сәйкес болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

1) аналық мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) тұқымдық бұқалар ұрығының асыл тұқымдық құндылығы индекстерінің болуы: асыл тұқымдық сапаларының кешенді индексі, табындағы ұрғашы төлдер саны, бағалаудың сенімділігі, сүт сауымы, тоңмай, өнімді тіршілік ету кезеңі, төлдеу жеңілдігі, ұрықтылығы, соматикалық жасушалардың құрамы.
3) табынды басқару бағдарламасының болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

1.1

бір жынысты

1.2

қос жынысты

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу:

1) аналық мал басында тиісті тұқым бойынша Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) сатып алынған бастың жасы сатып алу сәтінде (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
қашарлар – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
құнажындар – 26 айға дейін (қоса алғанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

3.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

1) шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасының ұрығымен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;
2) осы өлшемшарттарға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басын ұрықтандыру және зерттеп-қарау актісінің болуы;
3) асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығына Республикалық палата берген асыл тұқымдық куәліктің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін

4.

Эмбриондарды телу жөніндегі қызметтерді субсидиялау

1) шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық басының эмбриондарын телу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы;
2) телу және ірі қара малдың аналық басының буаздылығын зерттеп-қарау актісінің болуы;
3) алынған төлге генетикалық сертификаттың болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

5.

Сүт өндіру құнын арзандату:

Өтінімді берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы (ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

5.1

Бағымдағы сиыр басы 600 бастан басталатын шаруашылықтар

1) май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сүтті ай сайынғы зертханалық талдау (аккредиттелген зертханаларда);
2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау;
3) 2007 жылдан кейін тиісті инфрақұрылыммен пайдалануға берілген немесе жаңғыртудан өткен тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
- сиырларды байлаусыз күтіп-бағуға арналған үй-жай;
- автоматтандырылған сауу қондырғысы (әткеншек, шырша, параллель, тандем, робаттандырылған көлік) бар сауу залы;
- автоматтандырылған көң шығару, азық тарату және суару;
- азық цехы;
- ветеринариялық пункт болады.

5.2

Бағымдағы сиыр басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар

1) май, ақуыз және соматикалық жасушалар көрсеткіштері бойынша сүтті ай сайынғы зертханалық талдау (аккредиттелген зертханаларда);
2) азықты жыл сайынғы зоотехникалық талдау.
3) 2007 жылдан кейін тиісті инфрақұрылыммен пайдалануға берілген немесе жаңғыртудан өткен тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
- тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, автоматтандырылған немесе машиналық саууға арналған жабдық;
- автоматтандырылған көң шығару, азық тарату және суару;
- азық цехы;
- ветеринариялық пункт болады.

5.3

Бағымдағы сиыр басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

Тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы, онда:
- сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай;
тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машиналық сауу;
- ветеринариялық пункт;
- малға арналған бекіткіш болады.

5.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

Онда мыналар болады:
1) есепке алу нөмірі бар меншікті сүт қабылдау пункті;
2) дайындалған сүтті сүт өңдеуші кәсіпорынға өткізу немесе сүт өңдеу зауытынан 50 км (қоса алғанда) дейінгі қашықтық кезінде жеке сүт тасығыштың болуы

6.

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

1) кемінде 600 аналық бас болуы және олардың өтінім берген сәтте САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) 2007 жылдан кейін пайдалануға берілген, тиісті инфрақұрылымы бар (сиырларды байлаусыз күтіп-бағу, автоматтандырылған сауу қондырғысы (әткеншек, шырша, параллель, тандем) бар сауу залы, автоматтандырылған көң шығару, азық тарату және суару, азық цехы, ветеринариялық пункт) тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

7.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу

1) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында тауарөндірушілердің асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп беру және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары – мал иелері жиыны хаттамасының болуы;
2) мынадай зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану:
- жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық бұқа есебімен;
- қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
- жасы ағымдағы жылдың 1 маусымына 12 айдан кем болмауы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

Өтінімді берген сәтте тәуліктік балапандардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату

 

1)

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

1) құс етінің нақты өндірісі жылына 2000 тоннадан бастап (қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін нақты өндіріс көлемі қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің мәлімделген нақты көлеміне сүйене отырып айқындалады);
2) 2007 жылдан кейін жаңадан салынған немесе технологиялық жабдықтау бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдықтар, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, құс сою желісі (сою цехы)) құс фабрикасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
3) тізбеленген сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

2)

10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

3)

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

4)

2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

3.

Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату

4.

Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату

1) құс етінің нақты өндірісі жылына 20 тоннадан бастап (қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып айқындалады);
2) мыналары бар құс фабрикасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы:
- құстарды күтіп-бағуға арналған үй-жай;
- союға арналған жабдық.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстан алынған финалдық нысанды жұмыртқа бағытындағы тәуліктік балапан сатып алу

Өтінім берген сәтте тәуліктік балапандардың ата-енесінің Республикалық палатада тіркелуі

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

 

1)

200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

1) құс етінің нақты өндірісі жылына 20 млн. данадан бастап (қызметін 12 айдан аз жүзеге асырып келе жатқан тауар өндірушілер үшін қызмет кезеңі айларға бөлініп, 12 айға көбейтілген өндірілген өнімнің нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып айқындалады);
2) 2007 жылдан кейін жаңадан салынған немесе технологиялық жабдықтау бойынша жаңғыртудан өткен (құстарды күтіп-бағуға арналған жабдықтар, азықтандырудың, сумен жабдықтаудың, желдетудің автоматтандырылған жүйесі, жұмыртқаларды сұрыптауға арналған автоматты машина) инфрақұрылымы бар құс фабрикасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
3) тізбеленген сертификаттардың (ИСО, ХАССП азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі) бірінің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

2)

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

3)

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

4)

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

5)

20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

1) өтінім берген сәтте жануарлар басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған жануар басының жасы (жануарды (сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
шошқа басын толықтыратын ұрғашы және еркек төлдер – 1 айдан 12 айға (қоса алғанда) дейін.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

1) жануарларда радиожиілікті құлақ сырғаларының болуы;
2) өтінім берген сәтте кемінде 50 аналық шошқа басының болуы және олардың САТЖАҚ-та тіркелуі.
3) мынадай зоотехникалық нормативтерге сәйкес өсімді молайтуда аналық және шошқа басын толықтыратын басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану немесе асыл тұқымды тұқымдық еркек шошқаларды пайдалану;
- қолдан шағылыстыру кезінде елу басқа кемінде бір тұқымдық еркек шошқа немесе қолдан ұрықтандыру кезінде екі жүз басқа кемінде бір тұқымдық еркек шошқа;
- тұқымдық еркек шошқаларды қатарынан екі жылдан артық пайдаланбау.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін

Қой шаруашылығы

1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1) шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша шарттың болуы.
2) осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша қойлардың аналық басын ұрықтандыру актісінің болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 мамырдан 1 желтоқсанға дейін

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

Өтінімді берген сәтте жануарлардың САТЖАҚ-та тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

 

2.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

1) аналық баста Республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) мынадай талаптарға сәйкес аналық басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды (өзінің қошқарларын немесе жалдау шарттарымен) өсімді молайтуда пайдалану және оларды бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған қошқарларға ауыстыру:
- еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар және/немесе қолдан ұрықтандыруда үш жүз аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар;
- тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
- асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 12 айдан кем болмауы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

2.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

Мынадай талаптарға сәйкес аналық басты қолдан ұрықтандыруды пайдалану және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды (өзінің қошқарларын немесе жалдау шарттарымен) өсімді молайтуда пайдалану және оларды бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған қошқарларға ауыстыру:
- еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар және/немесе қолдан ұрықтандыруда үш жүз аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар;
- тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
- асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 12 айдан кем болмауы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

3.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте):
қошқарлар – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда);
қойлардың аналық басы – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда)
ешкілердің аналық басы – 6 айдан 18 айға дейін (қоса алғанда).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

3.1

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдалынылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

1) операторда өтінім берген сәтте 3000 бастан басталатын аналық бастың болуы;
2) операторда тауарлық шаруашылықпен жасалған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды отарға жалға беру шартының болуы;
3) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
4) аталған отарда асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау;
5) еркін шағылыстыру кезінде жиырма бес аналық басқа кемінде бір асыл тұқымды тұқымдық қошқар немесе қолдан ұрықтандыру кезінде үш жүз аналық басқа кемінде бір тұқымдық қошқар.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

5.

Қозы өткізу құнын арзандату

1) қозылардың жасы өткізу сәтінде он бес айдан аспаған болуы;
2) қозыларды арнайы комиссияның қорытындысы бар мамандандырылған ет комбинатында немесе қуаты ауысымына 200 бас сою пункттерінде сою немесе тірідей операторға өткізу.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

6.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату

6.1

Сапасы 60-тан басталатын жүн

1) биязы және жартылай биязы жүнді бастапқы өңдеуші кәсіпорынға өткізу;
2) жүн сапасын бағалаудың болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

6.2

Сапасы 50-ден басталатын жүн

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған мал басының жасы (ел ішінен сатып алған жағдайда - асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде; импортталған жағдайда - малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) – 18 айдан 60 айға дейін (қоса есептегенде).

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) үш жастан асқан кемінде 30 бас өз аналық мал басының болуы;
3) сүтті өңдеуші кәсіпорындарға немесе есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу цехына өткізу;
4) бие сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын биенің 1 басына 750 килограмнан аспауы тиіс.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) сатып алынған малдың жасы (елдің ішінен сатып алған кезде – асыл тұқымдық куәлікте көрсетілген сату сәтінде, импорттаған кезде – малды сатушыда (экспорттаушыда) карантинге қойған сәтте) – 12 айдан 60 айға дейін.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім сатып алған сәттен бастап он екі айдың ішінде беріледі)

2.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

1) өтінім берген сәтте мал басының САТЖАҚ-та тіркелген болуы;
2) үш жастан асқан кемінде 30 бас өз аналық мал басының болуы;
3) сүтті өңдеуші кәсіпорындарға немесе есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу цехына өткізу;
4) түйе сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын інгеннің 1 басына 1500 килограммнан аспауы тиіс.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 20 қаңтардан 20 желтоқсанға дейін (өтінім өткізілген өнімге төлемді алған сәттен бастап алты айдың ішінде беріледі)

Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы)

1.

Маралдардың (бұғылардың) аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1) САТЖАҚ-та және Республикалық палатада тіркелген болуы.
2) мынадай зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды өсімді молайтуда және ротациялауда пайдалану:
- аталықтардың жасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 36 айдан кем болмауы;
- отыз аналық басқа кемінде бір тұқымдық аталық;
- тұқымдық аталықты қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін

Балара шаруашылығы

 

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Өтінім берген сәтте САТЖАҚ-та кемінде 10 балара ұясының тіркелген болуы.

САТЖАҚ-пен интеграцияланған өзара іс-қимыл

ағымдағы жылғы 15 сәуірден 1 қазанға дейін

 

      * - сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына тірі салмағы 300 кг-дан асатын бұқашықтарды бордақылауға өткізген немесе орнын ауыстырған кезде субсидия төлеу 300 кг тірі салмаққа есептеледі.

      Мыналар субсидиялауға жатпайды:

      1) бұрын сатып алу кезінде құнын арзандатуға субсидияланған, айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өсімін молайту үшін пайдаланылмайтын асыл тұқымды жануарларды, асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу;

      2) нақты құны бекітілген нормативтен ең кемі екі есе аспайтын сатып алынған отандық асыл тұқымды жануарлар;

      3) ағымдағы шағылыстыру маусымында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізілгені үшін субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылы субсидияланған жануарлармен және балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс;

      4) ағымдығы жылы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды/асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу бағыты бойынша субсидияланған табындарда/отарларда өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқалары/асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар;

      5) ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындарды және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда, тауар өндірушілер басқа жеке және заңды тұлғалардан одан әрі қайта сату және (немесе) өңдеу үшін сатып алған мал шаруашылығы өнімдері;

      6) тауар өндірушілер айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне өткізген немесе ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындар сатып алатын бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнімдерін қоспағанда, бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнімдері;

      7) жеке аулада сойылған, сондай-ақ сою цехтарында (пункттерінде) және ет өңдеуші кәсіпорындарда бастапқы өңдеуден өтпеген мал шаруашылығы өнімдері;

      8) тауар өндірушілер жануарларды мәжбүрлі санитариялық сою нәтижесінде алған мал шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ белгілі бір жануар түрі бойынша аса қауіпті және инфекциялық аурулар бойынша карантинге қою кезеңіндегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдері мен бастары;

      9) тұқымдық түрлендіру нәтижесінде алынбаған, сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашықтар (тауарлық сүт фермалары және асыл тұқымды аналық басы бар шаруашылықтар өткізген бұқашықтарды қоспағанда);

      10) етті құс шаруашылығының жанама өнімдері - аяқтары, бастары, ішкі органдары;

      11) орамасыз өткізілген өңделген сүт;

      12) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін өткізілген және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа.

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      САЖ - субсидиялаудың ақпараттық жүйесі;

      САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;

      МЖКАТЖ – мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық талдау жүйесі;

      ХАССП (ағылшын тілінен HACCP – Hazard Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт;

      ИСО (ағылшын тілінен ІSO – Іnternatіonal Standard for Organіzatіon) – стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған халықаралық стандарт.

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау
Дата публикации
10 февраля 2026