Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 33364 болып тіркелді.

       Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
02 октября 2025