Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.05.2024 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Өткен жылдардың төленбеген міндеттемелері бюджетте міндеттемелерден бос қаражат болған жағдайда, ағымдағы жылдың қаражаты есебінен төленеді.
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға арналған лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты (бұдан әрі-субсидиялау шарты) - қарыз алушы, субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мен қаржы институты арасында қағаз немесе электрондық түрде жасалатын, тәртіп пен шарттарды көздейтін жазбаша келісім субсидияларды аудару, тараптардың жауапкершілігі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер;
3) арнайы шот – осы Қағидалардың шарттарына сәйкес субсидиялар сомалары есептелетін қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі шоты;
4) ауыл шаруашылығы жануарлары (бұдан әрі – жануарлар) – адам өсіретін ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың, құстардың, балықтар мен аралардың барлық түрлері;
5) бағдарлама – агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржы институттары (көрсетілетін қызметті алушылар) кредиттеу және лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау бағдарламасы;
6) дербес шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміндегі жазбалар жиынтығы;
7) жеке кабинет – субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміндегі пайдаланушының (қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының), қаржы институтының (көрсетілетін қызметті алушының), субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) дербес веб-парағы;