Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары

 Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 49-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) саласындағы жобаларына кредит беру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері (бұдан әрі – үміткер) – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      2) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шарты негізінде кредитордың (сенімгердің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмалар жасайтын тұлға.

 2-тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру тәртібі

  1. Кредиттер республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражатынан АӨК саласындағы жаңа жобаларды құру немесе қолданыстағы жобаларды кеңейту үшін үміткерлерге беріледі.
  2. АӨК саласындағы жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі.
  3. Сенім білдірілген өкілді (агентті) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындайды.
  4. АӨК саласындағы жобаларға кредит беру мақсатында кредитор, бюджеттік бағдарлама әкімшісі және қарыз алушы арасында жасалатын кредиттік шарт негізінде жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен республикалық бюджеттен бюджеттік кредит мынадай шарттармен беріледі:

      1) 1 (бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);

      етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);

      көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;

      ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;

      қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;

      өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;

      осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;

      құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі)

      қой фермаларын (5000 бастан бастап);

      3) 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға аударылған сәттен бастап есептеледі.

      Осы ережелердi iске асыру мақсатында бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджет бекiтiлгеннен кейiн кредитордың бюджеттiк кредит бойынша негiзгi шарттар мен қарыз алушылардың санаты туралы шешiмiнiң жобасын бекiтуге енгiзедi.

      Бюджеттік кредиттің негізгі шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шешімімен белгіленеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2024 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.09.2024 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.05.2025 № 162 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит қаражатын Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша береді.
  2. Жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы үміткерлерге мынадай шарттармен мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, кредиттер береді:

      1) кредит мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

      2) кредиттің ең жоғары сомасы– 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

      4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:

      тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);

      етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);

      етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);

      көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);

      өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;

      ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;

      қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;

      өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;

      осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;

      құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;

      қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);

      қой фермаларын (5000 бастан бастап);

      5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

      6) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі 24 (жиырма төрт) айдан аспайтын мерзімді құрайды.

Дата публикации
01 октября 2025