2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 220,8 млрд теңгені құрады, нақты көлемінің индексі 102,9% мөлшерінде қалыптасты. Салаға салынған инвестиция көлемі 32,1 млрд теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім шығарылымы 485,8 млрд теңгеге жетіп, инвестиция көлемі 74,3 млрд теңгені құрайды. Нақты көлем индексі 103,3% шоғырланады.
Тірі салмақтағы барлық ет 84,9 мың тоннаға (105,3), сүт көлемінің өндірісі 214,5 мың тоннаға (105,4%), жұмыртқа өндірісі 41,1 млн. дананы құрады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының санының өсуі байқалуда, ірі қара малы – 814,3 мың басты (өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 99,0%), ұсақ мал –1 345,8 мың басты (98,9%), жылқы малы – 416,1 мың бас (108,0%), құс – 1 595 мың басты (128,3%) құрады.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша асыл тұқымды ірі қара мал – 108,4 мың бас (асыл тұқымды мал үлесі 14,4%), ұсақ мүйізді асыл тұқымды мал 331,1 мың бас (асыл тұқымды мал үлесі 24,6%), ал асыл тұқымды жылқы саны 3,1 мың басты құрады.
Ағымдағы жылы Мемлекет басшының егіс алқаптарын әртараптандыру тапсырмасына сәйкес бидай алқабы 234,1 мың гектарға, арпа алқабы 44 мың гектарға дейін төмендетіліп, рентабельділігі жоғары майлы дақылдар алаңын 339,4 мың гектарға, жүгері 8,12 мың гектарға, жем-шөп алаңы 135,1 мың гектарға ұлғайтылды. Картоп алаңы 1,8 мың гектарды (АШТӨ) құрады.
Күзгі дала жұмыстарына 21 067 тонна бөлініп, кестеге сәйкес бүгінге 17,185 мың тоннаның (шілде, тамыз, қыркүйек) 9,050 мың тоннасы төленіп, 8,451 мың тоннасы жөнелтілді.
63,6 мың тонна минералды тыңайтқыштарға келісім-шарт жасалынып, толығымен жөнелтілді.
379 бірлік жаңадан ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, техника паркін жаңарту 4,4% құрады.
Су үнемдеу технологиялары 16,7 мың га алқапта (2024 жылы осы кезеңде - 11,8 мың га) қолданылуда.
«Кең дала» бағдарламасы аясында облысымыздың 202 диқаншыларына 9,5 млрд теңге несие берілді.
2024 жылы АӨК ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасы (СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы арқылы макрокредиттеу) шеңберінде 11,0 млрд теңге сомасында кредиттік қаражат жеткізілді. Бүгінгі күні 11 жоба бойынша 9,5 млрд теңге мақұлданып берілді.
2025 жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес 8,0 млрд теңге көлемінде несие беру жоспарлануда, оның 2,5 млрд теңге сомасы жеткізілді. Қазіргі уақытта 1 жоба бойынша 1,5 млрд теңге комиссия қарауынан өтіп қаржыландырылуға дайын және 1 жоба 1 млрд теңгеге сенім білдірілген өкіліне құжаттар дайындау сатысында.
Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешен саласын субсидиялауға 15,05 млрд теңге жеткізіліп, оның 13,49 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге төленді.