Абай облысында егін жинау науқаны жалғасуда

Абай облысында статистикалық деректерге сәйкес ағымдағы жылы егін жинау алаңы 782,1 мың га (оның ішінде дәнді дақылдар – 296,5 мың га, майлы дақылдар 339,4 мың га, картоп 5,9 мың.га, көкеністер 5,2 мың.га, 135,1 мың га жем-шөп дақылдары) құрайды.                                                                                           

Бүгінгі күнге барлығы 205,6 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе 74,1 % жиналды.

Орташа өнімділік 14 ц/га құрап, 289,7 мың тонна астық бастырылды.

Бидай жинау алаңы 234,1 мың га құрайды. Бүгінгі күні 173,4 мың га орылды,251,3мың тоннадан астам бастырылды, орташа өнімділік 14,5 ц/га.

Майлы дақылдарды жинау алаңы 339,4 мың га құрайды. Бүгінгі күні 20,5 мың га орылды, 30,4 мың тоннадан астам бастырылды, орташа өнімділік 14,9 ц/га. Картопты жинау алаңы 5,9 мың га құрайды, бүгінгі күні 4,2 мың га жиналды, орташа өнімділігі 211 ц/га құрап, 87,4 мың тонна жиналды.

Көкөніс-бақша дақылдарын жинау алаңы 5,2 мың га құрайды. Қазіргі уақытта 4,1 мың га жиналып, орташа өнімділік 242,3 ц/га құрады, 101,0 мың тонна өнім жиналды

Дата публикации
30 сентября 2025