«Абай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
қызметтіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау нәтижелері бойынша
АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕП
Семей қ. 10 мамыр 2024 жыл
«Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Басқарма басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс тобы мүшелерімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Басқарма басшысының 2024 жылғы 29 наурыздағы №16 н/қ бұйрығы негізінде құрылған жұмыс тобымен ағымдағы жылдың 2-6 мамыр аралығында 1 ақпаннан 30 сәуір аралығындағы кезеңдегі жұмыс мерзіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Басқарманың ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (Мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша).
Басқарма Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласындағы атқарушы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, «Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес басқарма азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және реттеу, енгізу, бақылауды қамтитын 86 функция шеңберінде қызметін жүзеге асырады.
Талдау үшін дереккөз ретінде Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, ішкі құжаттары, мемлекеттік қызметшілерінің жеке істері алынды.
Ұйымдастыру – басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі мәселелер бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың тұрақсыздығы;
2) мүдделер қақтығысын шешу;
3) мемлекеттік саты алу қызметтері;
4) ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
1) Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың тұрақсыздығы.
Басқарманың штат саны 30 бірлікті құрайды. Нақты саны 25 адам (5 бос орын тұрақты).
Кадр айналымы:
2024 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша лауызымдарынан босатылған мемлекеттік қызметкерлер болған жоқ.
Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі:
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау және тағайындау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының Заңына, Бос немесе уақытша қызметке орналасу қағидаларына сәйкес және «Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз ауысу тәртібімен жүзеге асырылады.
Барлық қабылданған және тағайындалған мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының талаптарын сақтай отырып өткізіліп, ағымдағы жылдың 1 мамырына 10 жалпы және 3 ішкі конкурс өткізілді.
2024 жылдың мамыр айына мемлекеттік қызметке бос лауазымдарға 5 байқау өткізілу жоспарда бар.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және үкіметтік емес ұйымдардың байқаушыларының қатысуымен, сондай-ақ әңгімелесу және конкурстық комиссиялардың қорытынды отырысының бейне жазбасын міндетті түрде қолдану арқылы конкурс рәсімдері өткізілді. Конкурстар өткізілмес бұрын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық қызметі арқылы барлық үміткерлерге талаптар қабылданады.
Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған және алғаш рет қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруінен өтеді. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде ант қабылдау мәтіні, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларымен таныстыру парақтары болады, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдауға жазбаша міндеттер ресімделеді. Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», жауапты лауазымды атқаратын адамдардың алған сыйлықтарын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру туралы жадынама беріледі.
Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет кіретіндердің кірісі мен мүлкі туралы декларацияны уақытылы тапсыруын қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылады.
Барлық қажетті құжаттар жеке істерінде бар, мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру семинарларынан және қайта даярлау курстарынан өтуге жіберіледі. 2024 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлау курстарын өткен жоқ.
Тәртіптік тәжірибе:
2024 жылдың 1 ақпанынан 30 сәуірге дейінгі кезеңде қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны, атап айтқанда ақпараттық жүйелердегі бақылау секторының құжаттары бойынша орындау мерзімдерін бұзғаны үшін ескерту түрінде 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. (2024 жылғы 12 наурыздағы № 32 ж/қ, №33 ж/қ бұйрық).
Басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар жасауға, сондай-ақ қылмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол берілген жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
2) Мүдделер қақтығысын шешу.
Персоналмен жұмыс істеу кезіндегі мүдделер қақтығысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға теңестірілген қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар, сондай-ақ сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері жақын туыстары және (немесе) жұбайы, сондай-ақ туыстары атқаратын тікелей бағынысты лауазымдарда қызмет атқара алмайды.
Жақын туыстары (ата-анасы (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық және толық емес аға-інілер, ата-әжелер, немерелер) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынатын бос лауазымдарды иелену бойынша фактілер талдау кезеңінде анықталмады.
Мүдделер қақтығысы және жемқорлық тәуекелдері жоқ.
3) Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі мүдделер қақтығысы:
Мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Басқарманың мемлекеттік сатып алуы бекітілген жоспарға сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңба қою арқылы жүргізіледі.
4) Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі:
2024 жылдың 1 мамырға 225 өтініш түсті. Өтініштердің сапалы және уақытылы қаралуын қамтамасыз ету мақсатында басқарма қызметкерлерімен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Өтініштерді қарау жұмысы тұрақты бақылауда. Талдау барысында өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.
және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бөлімінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларына
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН СУБЪЕКТІСІ ШЕККЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ БІР БӨЛІГІН ӨТЕУ БОЙЫНША СУБСИДИЯЛАУ
КЕЗІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бұйрығы негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жүргізілді.
Ұсынымдар:
Бірінші тәуекел бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында қала және аудан әкімдіктеріне құрылған жұмыс тобы мүшелеріне өтінім иелеріне барып, тексеру кезінде барлық тексеру (өлшеу) процестерін толық фото/бейне түсірілім жүргізіп, нәтижесін Қағидаға сілтеме жүргізе отырып, gosagro.kz жүйесіне енгізу қажеттілігі туралы хатты 15.04.2024 жылға дейін жолдау. Екіншіден, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмыс топтары түсірген фото/бейне жазылымдарды gosagro.kz электронды жүйесіне енгізу мүмкіндігін қарастыру бойынша 10.04.2024 жылға дейін ұсыныс хат жолдансын.
Екінші тәуекел бойынша өтінімдерді қанағаттандыру/қанағаттандырмау кезінде шешімде бас маман ғана дербес қабылдамай, басшылықпен келісімдеу рәсімін Қағидаға және электронды субсидиялау жүйесіне енгізу мәселесі төңірегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 10.04.2024 жылға дейін ұсыныс хат жолдау қажет.
Үшінші тәуекел негізінде шешімдер қабылданған өтінімдер бойынша өтінім иелері тарапынан Басқармаға байланысқа шығу мәселесін тудырмау мақсатында gosagro.kz электронды жүйесінде өтінімдердің әр кезеңдегі мәртебелерін нақты көрсету бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдансын.
КРЕДИТ БЕРУ, СОНДАЙ-АҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНУАРЛАРЫН, ТЕХНИКАСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫН САТЫП АЛУҒА ЛИЗИНГ КЕЗІНДЕ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН СУБСИДИЯЛАУ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы №436 бұйрығымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» қағидаларына сәйкес, қызметтер толық автоматтандырылған, осы қызметтерді алу кезінде көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен жеке байланысы толығымен алынып тасталған. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар жоқ. Қызметкерлерге шағымдар түскен жоқ. Басқарма осы қызметті ұсыну бойынша зерттелетін кезеңде қандай да бір кемшіліктер туындамады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
III. Мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау
бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларына
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН
ДАМЫТУДЫ, МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ӨНІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ СУБСИДИЯЛАУ
КЕЗІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Басқарма Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына сәйкес «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасы негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Тәуекелдерді анықтау негізінен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдаудың жалпы саясатына қайшы келетін елеулі жүйелік мәселелердің бар екендігін анықтады.
ЖАО норматив, өлшем-шаттарды және мерзімдерді белгілеу кезінде, Ережеде есептеу әдістемесінің болмауы әсерінен өз бетінше дискрециялық өкілеттіктерге ие болады. Бұл субсидиялаудың осы бағытына деген сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруға әкеп соғады.
Осы талаптар шеңберінде Біріншіден, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларының 9-параграфының 72-тармағына сәйкес, бал ара ұясына асыл тұқымды мал мәртебесі Палатада тіркеу нөмірі берілген күнінен бастап берілген болып саналады. Мәртебе Палатада тіркеу нөмірі берілген күннен бастап 1 жылға дейін қолданыста болады. Бал ара ұясына мәртебе бір рет беріледі.
Яғни, республикалық Ара шаруашылығы палатасының атқарушы органы мәртебенің уақытылы берілуіне немесе жойылуына тікелей жауапты болады.
Екіншіден, осы бағыт бойынша субсидия алу үшін САТЖАҚ-та кемінде 10 балара ұясының тіркелуі және болуы және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары жөніндегі статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен алынған скриншот көшірмесінің және/немесе өтінім берілген сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) бекітілген "Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп" (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан үзінді көшірменің СМАЖ-да орналастырылуы қажет. Алайда, іс жүзінде ара ұяларының болуын тексеру мүмкін емес.
Аудандар мен ауылдық округ әкімдерінің көрсеткіштердің жоғары болу мүдделілігін ескере отырып (әкімдердің рейтингіне әсер етеді) аудан, ауылдық округ аумағында жануарлардың санағы кезінде жануарлар санын көбейту, электрондық кітапқа дұрыс емес деректерді шаруашылық бойынша есепке алу қарапайым үрдіс болып табылады.
Қорытындылай келе, субсидиялаудың бұл бағыты бойынша Республикалық палата және аудан/ауылдық округ әкімдерінің көрсеткіштердің жоғары болу мүддесін арқалау нәтижесінде, субсидиялауға жататын бал ара ұяларының қағаз жүзінде көбею өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне әкеледі.
Ұсынымдар:
Бірінші тәуекел бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында субсидиялар нормативтерін, субсидия алушыларға арналған өлшем-шарттарды және ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына жем-шөп шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар алуға өтінім беру мерзімдерін бекітуді орталық органға, қағидаларды әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бекітуді ұсынамыз. Ұсынысты жүзеге асыру мақсатында Мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөліміне 10.04.2024 жылға дейін Министрлікке ұсыным жіберу тапсырылсын.
Екінші тәуекел бойынша құзырлы мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың араласуын шектеу мақсатында Министрлікке бал ара селекциялық жұмыстарын субсидиялау бағытын алып тастап, бал өнімдерін өндіру және өткізу құнын арзандату бағытын енгізу ұсынылсын. Ұсыныс 10.04.2024 жылға дейін министрлікке жіберілсін.
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ
ӨНІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫН АРТТЫРУДЫ СУБСИДИЯЛАУ
КЕЗІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» (бұдан әрі – өсімдік шаруашылығын субсидиялау) мемлекеттік қызметін көрсетеді. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Соңғы рет 2023 жылдың 24 сәуірінде жаңартылды.
Мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған, бұл мемлекеттік қызметтердің байланыссыз көрсетілуіне әкеледі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
2023 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 790 000,0 млн. теңге, мақұлданған өтінімдер – 451, теріс шешімдер – 360; тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 653 000,0 млн. теңге, мақұлданған өтінімдер -138, теріс шешімдер қабылданды – 188; пестицидтердің құнын субсидиялауға - 529 000,0 млн. теңге, мақұлданған өтінімдер бөлінді – 459, теріс шешімдер қабылданды-338; су жеткізу бойынша субсидиялауға-135 682,0 млн.теңге, мақұлданған өтінімдер – 7, теріс шешімдер қабылданды – 4.
Басқармадағы мемлекеттік қызметтер «GOSAGRO.KZ», сондай-ақ «E-license» ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтен бас тарту себептері негізінен: келіп түскен өтінімдердің белгіленген қағидаларға сәйкес келмеуі, өтінім беру кезінде растайтын құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес келмеуі және т. б. болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыста болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар. Бұл тәуекел субсидиялау жөніндегі қосымша ақпаратты түсінбеген немесе алу қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушының басқармаға келуіне байланысты, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Өсімдік шаруашылығын субсидиялауда тұқымдарды, тыңайтқыштарды және пестицидтерді арзандатылған құны бойынша алуға ауыспалы өтінім көзделген.
Субсидияланатын тұқымдарды, тыңайтқыштарды немесе пестицидтерді элиталық шаруашылықтан (тұқым шаруашылығы шаруашылығынан, өткізушіден), тыңайтқыштарды немесе пестицидтерді өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде шарт негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) «электрондық үкімет» веб-порталы (ақпараттық жүйе – «Gosagro») арқылы арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде тиесілі субсидияларға ақы төлеу туралы аударым өтінімін береді.
Мұндай жағдайда субсидия өндірушіге нақты сатылған субсидияланатын тұқымдар, тыңайтқыштар немесе пестицидтер бойынша мәліметтерді аударым өтініміне күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей енгізген жағдайда төленеді.
Бұл ретте басқарма ауыспалы өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оның ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою арқылы қабылданғанын растайды не теріс шешім шығарады.
Өсімдік шаруашылығын субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша өтінімдер өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау қағидаларына сәйкес қабылданады.
Осылайша, ауыспалы өтінімде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өндіруші арасында сөз байласу қаупі бар. Өйткені, Басқарма бұл өтінімді бақыламайды және өндірушіге автоматты түрде түсетін жер учаскелері негізінде ғана қол қояды және өндіруші электрондық шот-фактураны тіркегеннен кейін өтінім төлемге түседі. Бұл ретте басқарудың теріс шешім қабылдауға негізі жоқ.
Ауыспалы өтінімдер тетігін пайдалана отырып, субсидиялар алу кезінде бақылау жүйесінің болмауы көптеген бұзушылықтарға әкелетіні анықталды.
Ережеге сәйкес Басқарма рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты 3 мемлекеттік қызметті қамтиды, бұл мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған, өтінімдер «E-license» ақпараттық жүйесі бойынша қабылданады
- пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді сатуға, пестицидтерді аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдануға қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
- астық қолхаттарын шығарумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру;
- Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау.
Талдау барысында мыналар анықталды;
- пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді сатуға, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға қызметті жүзеге асыруға лицензия беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығымен регламенттелген. Талданатын кезеңде пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді сатуға, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға қызметті жүзеге асыруға лицензиялар берілмеді.
- Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен регламенттелген. Талданатын кезеңде 2 жеке тұлға аттестатталды.
- астық қолхаттарын шығарумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 178 бұйрығымен регрессияланды. «Астық қолхаттарын шығарумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы». Талданып отырған кезеңде астық қолхаттарын шығарумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиялар берілмеді.
Ұсыныстар:
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІН ТЕРЕҢДЕТЕ ӨҢДЕП ӨНІМ ӨНДІРУ ҮШІН ОНЫ САТЫП АЛУ ШЫҒЫНДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ КЕЗІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Басқарма Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағидалар) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне егжей-тегжейлі талдау жүргізді, бұл айтарлықтай жүйелі тәуекелдің бар екендігін көрсетті.
Мәселен, Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, қайта өңдеу кәсіпорындарының кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесіне сәйкес, өндеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсайтын шығындары субсидиялауға жатады.
Қағидалардың 1-тарауының 6-тармағына сәйкес, субсидиялар нормативін айқындау үшін құрамында облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің, оның ішінде басқарманың өкілдері, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктердің, қайта өңдеу кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар комиссия құрылады. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің шешімімен айқындалады және бекітіледі.
Абай облысы әкімінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 6-ө өкімімен 9 адамнан тұратын, соның ішінде кәсіпкерлер палатасының өкілдері, қайта өңдеу кәсіпорындарының және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы құрамында қатты май мен ірімшікке арналған субсидиялар нормативін айқындау жөніндегі Комиссия құрылды.
Нормативті айқындау Қағидада белгіленген нормалар мен есептілікке сәйкес жүргізіледі. Дегенмен, Комиссия есептілікке қажетті кәсіпорындардың нарықтық қаржылық орташа шығындарын шығару кезінде мүдделі кәсіпорындардың ұсынған ақпараттарына сүйенеді. Бұл өз кезегінде, мүдделі кәсіпорын тараптарынан берілген шығындарды бұрмалау фактілері болуы мүмкін.
Ұсыным:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Ережесінде субсидиялау үшін қажетті нормативті орталық орган ретінде бірыңғай норматив белгілеу ұсыным хат 10.04.2024 жылға дейін министрлікке жіберілсін.
Қорытынды бөлім:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша Басқарманың жұмыс тобымен 9 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, 9 ұсыныс енгізілді.
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жұмыс тобына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтай отырып, Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыс үнемі жүргізілсін.
- бөлімдерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын алу бойынша бақылауды күшейту;
- әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын фактілердің алдын алу және жолын кесу бойынша Басқармада түсіндіру шараларын жүргізу;
Ұсынылған 9 ұсыным бойынша сәйкес орталық органдарға ұсынымдарды уақытында енгізу қадағалауда болуы қамтамасыз етілсін.
Жұмыс тобының құрамы:
Жұмыс тобының жетекшісі:
Басқарма басшысы Е. М. Куанбаев
Жұмыс тобының мүшелері:
Басшының орынбасары А. Т. Байжуманов
Басшының орынбасары Б. Н. Артыкпаев
Басшының орынбасары М. М. Тохтарханов
Өсімдік шаруашылығы, техникалық
бақылау және механикаландыру
бөлімінің басшысы С. Т. Есенаманов
Агроөнеркәсіптік кешенді экономикалық
және стратегиялық талдау бөлімі Е. К. Ргаев
Азық-түлік қауіпсіздігін бақылау,
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта Д. С. Ахмадиев өңдеуді дамыту және субсидиялау бөлімі
Бюджеттік несиелеу, инвестициялық
салымдарды және сыйақы
мөлшерлемені субсидиялау М. Қ. Нугыманов
бөлімінің басшысы
Мал шаруашылығы және
ауыл шаруашылығы өнімдерін Қ. Д. Дулат
өңдеу бөлімі басшысының м. а.
Құқықтық қамтамасыз ету,
бухгалтерлік есеп және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы Д. Д. Жаныбекова