1-тарау. Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялау
1-параграф. Негізгі ережелер
Тізбені және субсидиялар нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері), сондай-ақ тізбенің және субсидиялар нормаларының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық кеңесімен келісілгенін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Жабық топырақта басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары алынған өсінділердің қорытындылары бойынша көкөніс дақылдарының бір дақыл айналымына белгіленеді (1 шаршы метрге тамыр жайған көшеттердің кемінде 95%). Бұл ретте жылытылатын өнеркәсіптік жылыжай кешендеріндегі және фермерлік жылыжайлардағы шығындарды есептеуде қысқы-көктемгі немесе күзгі-қысқы кезеңдердегі электр энергиясына, газға, көмірге арналған шығыстардан тұратын көкөніс дақылдарының 1 (бір) дақыл айналымының шығындары ескеріледі. Жылытылмаған жылыжайлар субсидияланбайды.
Министрлік оң шешім шығарған жағдайда, он жұмыс күні ішінде тізбені және субсидиялар нормаларын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады не теріс шешім шығарған жағдайда, тізбені және субсидиялар нормаларын пысықтауға жолдайды. ЖАО-ның тізбені және субсидиялар нормаларын пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Тізбе және субсидиялар нормалары ЖАО-ның қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде СМАЖ-да және ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тізбеге және субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөлімдерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17-1. Жыл сайын Басқарма ЖАО (оның ішінде аудандық/қалалық) және қоғамдық және үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері болып табылатын ұйымдардың қызметкерлері қатарынан жабық топырақта көкөніс дақылдары тұқымдарының/көшеттерінің өсінділерін зерттеп-қарау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Көкөніс дақылдары тұқымдарының/көшеттерінің өсінділерін зерттеп-қарау жөніндегі комиссия) құрады. Басқарма басшысы Көкөніс дақылдары тұқымдарының/көшеттерінің өсінділерін зерттеп-қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып табылады. Көкөніс дақылдары тұқымдарының/көшеттерінің өсінділерін зерттеп-қарау жөніндегі комиссия мүшелерін Басқарма СМАЖ-да тіркейді.
Өнеркәсіптік жылыжай кешендерінде және фермерлік жылыжайларда жабық топырақта өсірілетін көкөніс дақылдарын зерттеп-қарау үшін ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабық топырақта басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға алдын ала өтінім береді.
Көкөніс дақылдары тұқымдарының/көшеттерінің өсінділерін зерттеп-қарау жөніндегі комиссия мүшелері алдын ала өтінім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарды тексеруді, ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жер учаскелерін, өнеркәсіптік жылыжай кешендерінде немесе фермерлік жылыжайларда жабық топырақта көкөніс дақылдары тұқымдары/көшеттері өсінділерінің бар-жоғын қарап-тексеруді жүзеге асырады.
Әрбір ауылшартауарөндірушіге (ауылшаркооперативіне) Көкөніс дақылдары тұқымдарының/көшеттерінің өсінділерін зерттеп-қарау жөніндегі комиссия айқындайтын кемінде 2 (екі) маман жіберіледі.
Өнеркәсіптік жылыжай кешендерінде немесе фермерлік жылыжайларда қарап-тексеру ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) немесе оның сенім білдірілген адамының қатысуымен жүзеге асырылады және нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап-тексеру актісі ресімделеді.
Ескерту. Қағидалар 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Субсидия алушылар
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Субсидияларды алу шарттары
Бұл ретте, ЖАО бидайды қоспағанда, басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді субсидиялаудың орындылығын дербес айқындайды
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінімді не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жабық топырақта басым дақылдарды өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінімді беруі;
2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің СМАЖ-да тіркелуі;
3) СМАЖ-да ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;
4) ауылшартауарөндірушіде (ауылшаркооперативінде) СМАЖ-дың мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы;
жабық топырақта ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу кезінде – ауыл шартауарөндірушіде (ауылшаркооперативінде) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы өзге де санаттағы жер учаскелерінің болуы.
Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарөндірушілердің субсидия алуына өтінім береді. Бұл ретте, ауылшартауарөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі мынадай жағдайларда субсидия алуға өтінім береді:
өнімді өңдеуге ауылшаркооперативінің мүшелері тапсырған кезде, бұл ретте ауылшаркооперативінің мүшелері субсидия алушылар болып табылады;
өнімді өңдеуге ауылшаркооперативі тапсырған кезде, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.
Бұл ретте, ауылшаркооперативіне мүшелік өтінімге ауылшаркооперативі мүшелерінің жалпы жиналысының ауылшаркооперативінің мүшелеріне қабылдау туралы шешімінен алынған үзінді-көшірменің электрондық көшірмесін қоса тіркеу жолымен расталады.
Бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскелері тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалықтар өнімді өңдеуге шаруа немесе фермерлік қожалықтар тапсырған жағдайда, субсидияға өтінім береді, бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.
Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру арқылы расталады;
4-1) ағымдағы жылы немесе өткен жылы ауылшартауарөндірушіге (ауылшаркооперативіне) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің шекарасы шегінде орналасқан егістіктерде немесе жабық топырақта басым ауыл шаруашылығы дақылдарын себу;
5) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.11.2023 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
20-тармақ 5-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.11.2023 № 384 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) басым дақылдарды өңдеуші кәсіпорынға өткізу фактісін СМАЖ-дың ЭШФ АЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде растауы.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде қант қызылшасы мен дәндік жүгері өндіруді өз бетінше жүзеге асыратын және аталған өнімді өңдеуді өз бетінше жүзеге асыратын қант зауыттары мен крахмал-сірне зауыттары үшін өткізу фактісін растау талап етілмейді.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.11.2023 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
өңдеуші кәсіпорынмен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттар;
ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) мен өңдеуші кәсіпорын арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын құжаттардың және (немесе) өңдеуші кәсіпорынның шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттары;
ауыл шаруашылығы өнімін өзінің өңдеуші кәсіпорындарында өңдеген кезде өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында ауыл шаруашылығы өнімінің берілгенін растайтын, олардың басшылары қол қойған құжат.
4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
С = З х Нс,
мұндағы:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
З – өткізілген (тапсырылған) ауыл шаруашылығы өнімінің расталған көлемі, тонна;
Нс – қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22-1. Жабық топырақта басым көкөніс дақылдарын өндіру шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидиялар субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) растаған алаңдардан және ЖАО-ның қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларынан мынадай формула бойынша есептеледі:
С = З х Нс,
мұндағы:
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
З – егіс алаңы, гектар;
Нс – қосылған құн салығынсыз субсидиялар нормасы, теңге гектарға.
Бұдан басқа, өлшем бірлігінің төменгі түрлеріне ауыстыруды ескере отырып, 1 гектардан төмен аудандар да субсидияланады.
Ескерту. Қағидалар 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5-параграф. Субсидиялар төлеу тәртібі
2023 жылы берілген алдын ала өтінімдер бойынша жабық топырақта басым дақылдарды өндіру шығындардын ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 ақпаннан 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады.
ЖАО өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін күнтізбелік он төрт күн бұрын, оның ішінде қосымша қаражат бөлу кезінде ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да өтінімдерді қабылдаудың басталған күні туралы хабарландыру орналастырады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) ЭЦҚ болуы тиіс;
2) Басқарма Министрлікке жыл сайын ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жібереді.
1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген талаптарды СМАЖ-бен тексеру үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім СМАЖ-да оған ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.
Егер Басқарма төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға мүмкіндігі болады.
Бұл ретте, төлем шоттары қалыптастырылғаннан кейін деректердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, субсидиялар төленген сәтке дейін Басқарманың қайтару себебін (уәжді бас тарту) көрсете отырып,өтінімді қайтаруға мүмкіндігі бар.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау
1-параграф. Субсидиялар алушылар
2-параграф. Субсидиялар алу шарттары
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар алуға өтінім беру;
2) оригинатор берген өтінімді СМАЖ-да тіркеу;
3) СМАЖ-да оригинатордың деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;
4) СМАЖ бен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде нақты өткізілген отырғызу материалы үшін оригинатордың жұмсалған шығындарын растау;
5) оригинаторда СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Шаруа немесе фермер қожалығы нысанында құрылған, жер учаскелері мүшелерінің атына тіркелген оригинатор өтінім берген жағдайда, жер учаскелерінің бар екенін жер учаскелеріне арналған құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаттарымен растауға жол беріледі, олардың сканерленген электрондық көшірмелері СМАЖ-да орналастырылады.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
С = М х Н;
мұнда:
C – субсидия мөлшері, теңге;
М – өткізілген отырғызу материалының саны, дана;
Н – осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің отырғызу материалын өндіруге арналған субсидиялар нормативі (бұдан әрі – субсидиялар нормативі), теңге.
Бұл ретте есептеу үшін нақты өткізу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.
Отырғызу материалының нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген субсидиялар көлемдерін есепке ала отырып олардың нақты құнынан жүргізіледі.
Отырғызу материалының нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген субсидиялар нормативіне тең болады.
4-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
Бұл ретте, ЖАО өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін күнтізбелік он төрт күн бұрын, оның ішінде қосымша қаражат бөлу кезінде ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да өтінімдерді қабылдаудың басталған күні туралы хабарландыру орналастырады.
1) оригинаторлардың ЭЦҚ-сы болуы тиіс;
2) Басқарма Министрлікке жыл сайын ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.
1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін: ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: БСН (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН-сы, толық атауы, бірінші басшысының немесе Жеке кабинетте тіркеуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, оригинатор бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидалардың 30-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын СМАЖ-бен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім СМАЖ-да оригинатордың ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.