Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

3-тарау. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау

 1-параграф. Негізгі ережелер

  1. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
  2. Басқарма СМАЖ-да осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей тұқым өндірушілердің, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының, тұқым өсіру шаруашылықтарының және тұқым өткізушілердің тізбесін орналастырады.

       Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) бекітілген Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына (бұдан әрі – Аттестаттау қағидалары) сәйкес аттестаттау, қайта аттестаттау туралы куәлік берілгеннен не аттестаттау туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылғаннан кейін 2 екі жұмыс күні ішінде Басқарма СМАЖ-да бірегей тұқым өндірушілердің, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының, тұқым өсіру шаруашылықтарының және тұқым өткізушілердің тізбесіне тиісті өзгерістер енгізеді.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын себудің шекті нормаларын Басқарма СМАЖ-да ғылыми және шекті ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың қорытындылары негізінде орналастырады. Субсидияларды есептеу кезінде себудің шекті нормасынан асатын себу нормасы қолданылған жағдайда, субсидиялар себудің шекті нормасы бойынша есептеледі.

  1. Жыл сайын Басқарма ЖАО-ның (оның ішінде аудандық/қалалық) және қоғамдық және үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері болып табылатын ұйымдардың қызметкерлері қатарынан жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін зерттеп-қарау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Көпжылдық екпелерді зерттеп-қарау жөніндегі комиссия) құрады. Көпжылдық екпелерді зерттеп-қарау жөніндегі комиссияның төрағасы Басқарма басшысы болып табылады.

      Көпжылдық екпелерді зерттеп-қарау жөніндегі комиссия мүшелерін Басқарма СМАЖ-да тіркейді.

       Бір (екі) жыл пайдаланылған бүлдірген (құлпынай) екпелерін қоса алғанда, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін зерттеп-қарау үшін ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің нақты сатып алынған және пайдаланылған элиталық көшеттері үшін субсидиялар алуға алдын ала өтінім береді.

      Көпжылдық екпелерді зерттеп-қарау жөніндегі комиссия мүшелері он жұмыс күні ішінде құжаттарды тексеруді, ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жер учаскелерін қарап-тексеруді, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) элиталық көшеттермен отырғызған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін зерттеп-қарауды жүзеге асырады.

      Әрбір ауылшартауарөндірушіге (ауылшаркооперативіне) Көпжылдық екпелерді зерттеп-қарау жөніндегі комиссия айқындаған кемінде 2 (екі) маман жіберіледі.

       Зерттеп-қарау ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) немесе оның сенім білдірілген адамының қатысуымен жүзеге асырылады және нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – зерттеп-қарау актісі) ресімделеді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-параграф. Субсидия алушылар

  1. Субсидиялар:

      1) элиттұқымшардың нақты сатып алынған аудандастырылған және перспективалы сорттардың бірегей тұқымдарына жұмсаған шығындарын ішінара (70%) өтеуге;

      2) тұқымшардың, ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтердің) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға жұмсаған шығындарын ішінара (70%) өтеуге;

      3) ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтердің) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарына және (немесе) мақтаның екінші репродукция тұқымдарына жұмсаған шығындарын ішінара (50%) өтеуге;

      4) ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтердің) нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына жұмсаған шығындарын ішінара (50%) өтеуге;

      5) ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтердің) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің нақты сатып алынған және пайдаланылған элиталық көшеттері үшін жұмсаған шығындарын ішінара (50%) өтеуге арналады.

      Бұл ретте қызанақ пен қиярдың элиталық тұқымдары және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары бойынша субсидиялар қызанақ пен қиярды өнеркәсіптік жылыжай кешендерінде немесе фермерлік жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайында өсіретін ауылшартауарынөндірушілерге (ауылшаркооперативтеріне) арналады.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 3-параграф. Субсидия алу шарттары

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы берген жағдайда төленеді.
  2. Осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар тұқымшар, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді берген жағдайда төленеді.

      Бұл ретте субсидиялар қызанақтың, қиярдың және мақтаның элиталық тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңынан 15 (он бес) пайыздан аспайтын алаңға, картоптың элиталық тұқымдары үшін егіс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған элиталық тұқым көлеміне төленеді.

      Бюджет қаражаты қажетті көлемде болған жағдайда, элиталық тұқымдарға арналған субсидиялар дақылдың егіс алаңының 30 (отыз) пайызына дейінгі алаңға төленеді. Субсидиялауға жататын егіс алқабының үлесі өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін жылына бір рет белгіленеді.

      Бір мезгілде элиталық тұқым шаруашылығы болып табылатын тұқымшарға ағымдағы жылы элиталық тұқым ретінде немесе алдыңғы үш жылда Аттестаттау қағидаларына сәйкес элиталық тұқым өндіруді және өткізуді жүзеге асырған сорттардың нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін субсидиялар төленбейді.

      Бір мезгілде элиттұқымшар болып табылатын ауылшартауарөндірушіге (ауылшаркооперативіне) осы ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) ағымдағы жылы немесе алдыңғы үш жылда элиттұқымшар ретінде Аттестаттау қағидаларына сәйкес элиталық тұқымдарды өндіруді және өткізуді жүзеге асырған сорттардың нақты сатып алынған элиталық тұқымдары үшін субсидиялар төленбейді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарына және (немесе) екінші репродукцияның мақта тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінім берген жағдайда төленеді.

      Бұл ретте субсидиялар мақтаның бірінші және екінші репродукция тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарының көлеміне, картоптың бірінші репродукция тұқымдары үшін егіс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған тұқым көлеміне төленеді.

      Бюджет қаражаты қажетті көлемде болған жағдайда, бірінші репродукция тұқымдарына субсидиялар дақылдың егіс алаңының 40 (қырық) пайызына дейінгі алаңға төленеді. Субсидиялауға жататын егіс алаңының үлесі өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін жылына бір рет белгіленеді.

      Бір мезгілде тұқымшар болып табылатын ауылшартауарөндірушіге (ауылшаркооперативіне) осы ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) ағымдағы жылы немесе алдыңғы екі жылда тұқымшар ретінде Аттестаттау қағидаларына сәйкес бірінші репродукция тұқымдарын өндіруді және өткізуді жүзеге асырған сорттардың бірінші репродукциясының нақты сатып алынған тұқымдары үшін субсидиялар төленбейді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауылшартауарынөндiрушi (ауылшаркооперативі) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты сатып алынған жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың, мақтаның, құмайдың, қызанақтың және қиярдың бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы берген жағдайда төленеді.
  2. Осы Қағидалардың 42-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға нақты сатып алынған және пайдаланылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері үшін субсидиялар алуға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берген кезде төленеді.
  3. Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидияланатын тұқымдарды шарт негізінде элиттұқымшардан (тұқымшардан, өткізушіден) арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 16-қосымшаға "сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тұқымдарды арзандатылған құнмен сатып алу кезінде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы береді.

       Мұндай жағдайда субсидия элиттұқымшарға (тұқымшарға, өткізушіге) элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) өтпелі өтінімге күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 60 және 61-тармақтарына сәйкес нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар туралы мәліметтерді енгізгенде төленеді.

      Элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) өтпелі өтінімге нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар туралы мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.

      Элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) субсидияланатын тұқымдарды басқа облыстың ауылшартауарынөндірушілеріне (ауылшаркооперативіне) өткізген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) аумағында егіс алаңдары орналасқан облыс басқармасының атына өтінім береді. Бұл ретте субсидиялар аумағында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) егіс алаңдары орналасқан облыстың жергілікті бюджетінде көзделген қаражат есебінен төленеді.

      Субсидияланатын тұқымдарды оригинатордан, элиттұқымшардан (тұқымшардан, өткізушіден) сатып алған кезде субсидиялауға мәлімделген сортты өндіруге және өткізуге аттестаттаудың болуын растау СМАЖ-дың "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады.

  1. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткізушінің) және ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) берген өтінімінің (өтпелі өтінімінің) СМАЖ-да тіркелуі;

      2) СМАЖ-да элиттұқымшардың, тұқымшардың, өткізушінің және ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы;

      3) СМАЖ бен ЭШФ АЖ-ның ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде элиттұқымшардың, тұқымшардың, ауылшартауарынөндiрушiлердің (ауылшаркооперативтерінің) сатып алған субсидияланатын тұқымдарға жұмсаған шығындарының расталуы.

       Элиттұқымшар, тұқымшар және ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативі) субсидияланатын тұқымдарды ЭШФ АЖ қолданбайтын шетелдік тұқым өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, субсидияланатын тұқымдарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден субсидияланатын тұқымдар сатып алған элиттұқымшар, тұқымшар, ауылшартауарөндiрушiлер (ауылшаркооперативі) үшін) мәліметтерімен немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 456-бабының 2-тармағына сәйкес тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгенін растайтын салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) расталады.

      Өңдеуші кәсіпорын тұқымдарды, кейіннен ауылшартауарөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) пайдалануына сатып алған жағдайда, сатып алынған тұқымдар үшін шығындарды (өтінім беру сәтінде) өңдеуші кәсіпорын растайды. Бұл ретте ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) және өңдеуші кәсіпорын, тұқымдарды сатушы (оригинатор, элиттұқымшар, тұқымшар, өткізуші, шетелдік өндіруші) арасындағы шарттың көшірмесін қоса бере отырып өтінім берген ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидия алушы болып болып табылады;

      4) элиттұқымшарда, тұқымшарда және ауылшартауарөндірушіде (ауылшаркооперативінде) СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

      Өндірістік жылыжай кешенінде немесе фермерлік жылыжайда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ауылшартауарөндірушіде (ауылшаркооперативінде) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе өзге де санаттардағы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес) жер учаскелерінің болуы.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауылшартауарөндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауылшартауарөндіруші субсидия алушы болып табылады.

      Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі мынадай жағдайларда субсидия алуға өтінім (өтпелі өтінім) береді:

      субсидияланатын тұқымдарды ауылшаркооперативінің мүшелері сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативінің мүшелері субсидия алушылар болып табылады;

      субсидияланатын тұқымдарды ауылшаркооперативі сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.

      Бұл ретте ауылшаркооперативіне мүшелік ауылшаркооперативі мүшелерінің жалпы жиналысының ауылшаркооперативінің мүшелеріне қабылдау туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесін өтінімге қоса тіркеу жолымен расталады.

      Бірлескен кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскелері тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалықтар субсидияға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) шаруа немесе фермерлік қожалықтар тұқымдарды сатып алған жағдайда береді, бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.

      Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру арқылы расталады;

      5) СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті мөлшерде жұмыс алаңы бар өнеркәсіптік жылыжай кешенінің немесе фермерлік жылыжайдың (қорғалған топырақта қызанақ және қияр өндірумен айналысатын ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері үшін) болуы;

      6) соңғы екі жылдағы (ағымдағы және алдыңғы жылдар) ауыспалы егістер туралы мәліметтердің болуы.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай формуламен есептеледі:

      С = СН х А х Н;

      мұнда:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      СН – себу нормасы, бір гектарға тонна;

      А – элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

       Н – осы Қағидаларға 17-қосымшада көрсетілген 1 тоннаға арналған субсидиялар нормативі, теңге.

      Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.

       Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 42-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.

      Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар қызанақтың, қиярдың және мақтаның элиталық тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңының 15 (он бес) пайызынан аспайтын алаңға, картоптың элиталық тұқымдары үшін егіс алаңының 50 (елу) пайызынан аспайтын алаңға сатып алынған тұқым көлеміне төленеді және мынадай формула бойынша есептеледі:

      С = (А х Ү) / 100 %) х СН х Н,

      мұнда:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      А – тұқымшардың, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ауыл шаруашылығы дақылы алаңы, гектар;

      Ү – субсидиялауға жататын егіс алаңының үлесі, %;

      СН – себу нормасы, бір гектарға тонна (дана);

       Н – осы Қағидаларға 17-қосымшада көрсетілген 1 тоннаға (данаға) арналған субсидиялар нормативі, теңге.

      Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.

       Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 42-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.

      Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мақтаның бірінші және екінші репродукция тұқымдарын қоспағанда, дақылдың егіс алаңынан 20 (жиырма) пайыздан аспайтын алаңға картоптың элиталық бірінші және екінші репродукция тұқымдары үшін егіс алаңынан 50 (елу) пайыздан аспайтын алаңға сатып алынған тұқым көлеміне төленеді және мына формула бойынша есептеледі:

      С = (А х Ү) / 100 %) х СН х Н;

      мұнда:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      А – ауылшартауарөндірушідегі (ауылшаркооперативіндегі) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

      Ү - субсидиялауға жататын егіс алаңының үлесі, %;

      СН – себу нормасы, бір гектарға тонна;

       Н – осы Қағидаларға 17-қосымшада көрсетілген (1 тоннаға) тұқымдарға арналған субсидиялар нормативі, теңге.

      Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.

       Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 42-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.

      Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай формула бойынша есептеледі:

      С = СН х А х Н,

      мұнда:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      СН – себу нормасы (саны), бір гектарға тонна (дана, егіс бірлігі);

      А – ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ауыл шаруашылығы дақылы алаңы, гектар;

       Н – осы Қағидаларға 17-қосымшада көрсетілген (1 тоннаға (данаға, егіс бірлігіне)) тұқымдарға арналған субсидиялар нормативі, теңге.

      Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.

       Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 42-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.

      Тұқымдардың нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.

  1. Осы Қағидалардың 42-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мынадай формула бойынша есептеледі:

      С = ОН х А х Н;

      мұнда:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      ОН – отырғызу нормасы (саны), бір гектарға дана;

      А – ауылшартауарөндірушідегі (ауылшаркооперативіндегі) ауыл шаруашылығы дақылының алаңы, гектар;

       Н – осы Қағидаларға 17-қосымшада көрсетілген тұқымдарға (1 данаға) арналған субсидиялар нормативі, теңге.

      Бұл ретте есептеу үшін нақты сатып алу бағасы не субсидиялар нормативі қолданылады.

       Элиталық көшеттердің нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан төмен болған жағдайда, субсидияларды есептеу осы Қағидалардың 42-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген субсидиялар мөлшерін есепке ала отырып, олардың нақты құнынан жүргізіледі.

      Элиталық көшеттердің нақты құны субсидиялар нормативі есептелген құннан жоғары болған жағдайда, субсидия субсидиялар нормативіне тең болады.

 5-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

  1. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алынған тұқымдар үшін тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      2023 жылы сатып алынған тұқымдар үшін өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау 2024 жылғы 1 ақпаннан 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

       Қызанақ және қияр тұқымдары қорғалған топырақта қызанақтың және қиярдың екеуден аспайтын: біріншісі – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейін және екіншісі – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін (қысқы-көктемгі және күзгі-қысқы кезеңдер) дақыл айналымын пайдалану үшін субсидияланады. Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен күнтізбелік 15 күнге ауытқуға жол беріледі.

      Бұл ретте, ЖАО өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау басталғанға дейін күнтізбелік он төрт күн бұрын, оның ішінде қосымша қаражат бөлу кезінде ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдаудың басталған күні туралы хабарландыру орналастырады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жеке кабинеттегі тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) элиттұқымшарда, тұқымшарда, тұқым өткізушілерде, ауылшартауарөндірушілерде, ауылшаркооперативтерінде ЭЦҚ болуы тиіс;

      2) Басқарма Министрлікке жыл сайын ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жібереді.

  1. Жеке кабинетте тіркелу үшін элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткізушілер, ауылшартауарөндірушілер, ауылшаркооперативтері мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін: ЖСН-сы, аты және әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН-сы, толық атауы, бірінші басшының немесе Жеке кабинетте тіркеуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде, элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткізуші, ауылшартауарөндіруші, ауылшаркооперативі бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

       1) осы Қағидалардың 49-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын СМАЖ-бен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім не осы Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасының талаптарын СМАЖ-бен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтпелі өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім (өтпелі өтінім) СМАЖ-да элиттұқымшар, тұқымшар, тұқым өткізуші, ауылшартауарөндіруші, ауылшаркооперативі ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім (өтпелі өтінім) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

  1. Егер Басқарма төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, элиттұқымшардың, тұқымшардың, тұқым өткізушінің, ауылшартауарөндірушінің, ауылшаркооперативінің себебін көрсете отырып, өтінімді (өтпелі өтінімді) кері қайтарып алуға мүмкіндігі болады.

      Бұл ретте, төлем шоттары қалыптастырылғаннан кейін деректердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, субсидиялар төленген сәтке дейін Басқарманың қайтару себебін (уәжді бас тарту) көрсете отырып,өтінімді қайтаруға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Басқарма өтінім (өтпелі өтінім) тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не теріс шешім шығарады. Бұл ретте, өтінімді растау туралы хабарлама не уәжді бас тарту электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) СМАЖ-дағы Жеке кабинетіне жіберіледі.

       Бұл ретте, өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама элиттұқымшардың (тұқымшардың, өткізушінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Элиттұқымшар (тұқымшар, тұқым өткізуші) осы Қағидалардың 49-тармағы 3) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізеді.

  1. Элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) осы Қағидалардың 48-тармағында бекітілген мерзімде нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге уақытында енгізбеген жағдайда, өтпелі өтінім жойылады. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде өтпелі өтінімді жою туралы ескертпе қол жетімді болады.
  2. Басқарма Қаржыландыру жоспарына сәйкес СМАЖ-да "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем шотын екі жұмыс күні ішінде:

       осы Қағидалардың 60 және 61-тармақтарына сәйкес Басқарма өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін;

       элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) осы Қағидалардың 49-тармағы 3) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткізілген субсидияланатын тұқымдар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін қалыптастырады.

      Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында элиттұқымшардың, тұқымшардың, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дата публикации
11 декабря 2024