Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау

 4-тарау. Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау

 1-параграф. Негізгі ережелер

  1. Тыңайтқыштарды өндірушілер (оның ішінде шикізат өндіруден бастап, оны терең өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі тыңайтқыштар өндірудің толық циклі бар, жер қойнауын пайдалануга арналған лицензиясы не келісімшарты және тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар өндірушілердің тізбесі химиялық өндірістерді пайдалану (бұдан әрі – тыңайтқыштар өндірудің толық циклі бар тыңайтқыштар өндірушілер)), жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) өнеркәсіп саласындағы уәкiлеттi орган Министрлікке және ЖАО-ға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей және кейінгі жылға тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей ұсынады.

      Бұл ретте жеткізушілер тізбесі алынғаннан кейін оны Министрлік үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да, ЖАО – ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Тыңайтқыштарды сатушылар келесі жылға ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей және тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тыңайтқыштардың тиісті түрлеріне арналған баға ұсыныстарын (прайс-парақтарды) ЖАО-ға ұсынады.

       Басқарма республика бойынша тыңайтқыштың ең төменгі құнын айқындау үшін тиісті өңірдегі жеткізушілер тізбесінде бар тыңайтқыштардың түрлеріне (әсер етуші заттардың құрамын көрсете отырып) арналған бағаларды ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін және тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін СМАЖ-ға енгізеді.

       Тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей ЖАО қаулысымен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да орналастырады.

      Тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы тиісті жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Бұл ретте тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары:

      тыңайтқыштарды жеткізушілер тізбесінде сатушылардың және олар өндіретін (өткізетін) тыңайтқыштардың болуы;

      субсидия нормаларын белгілеу үшін СМАЖ функционалын қолдана отырып, тыңайтқыштардың қалыптасқан бағаларын талдау негізінде қалыптастырылады.

       Осы тармақтың нормалары осы Қағидалардың 4-тарауының 3-1-параграфында белгіленген субсидияларды аванстық төлеммен алу шарттарына қолданылмайды.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-параграф. Субсидия алушылар

  1. Субсидия сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.

 3-параграф. Субсидияларды алу шарттары

  1. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

       1) ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім беруі.

       Тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды түрде осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім береді.

       Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 75-тармағына сәйкес төленеді.

      Тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта береді.

       Бұл ретте, СМАЖ-да осы Қағидалардың 66-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерде тыңайтқыштар өткізілмеген ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) тізімі қалыптастырылады;

      2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген және ЭЦҚ-сы қойылған өтінімнің (өтпелі өтінімнің) СМАЖ-да тіркелуі;

      3) СМАЖ-да ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін тыңайтқыш өндірушінің СМАЖ-да жеке шоты болуы қажет;

      4) СМАЖ бен ЭШФ АЖ-ның өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативі) сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсаған шығындарының расталуы.

       Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқыштарды ЭШФ АЖ-ны пайдаланбайтын шетелдік тыңайтқыштар өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтермен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе тауардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгенін растайтын Кодекстің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішімен (өтініштерімен) расталады.

      Өңдеуші кәсіпорын тыңайтқыштарды, кейіннен ауылшартауарынөндірушілерінің (ауылшаркооперативтерінің) пайдалануына сатып алған жағдайда, сатып алынған тыңайтқыштар үшін шығындарды (өтінім беру сәтінде) өңдеуші кәсіпорын растайды. Бұл ретте ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және өңдеуші кәсіпорын, тыңайтқышты сатушы арасындағы шарттың көшірмесін қоса бере отырып өтінім берген ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидия алушы болып табылады;

      5) ауылшартауарөндірушіде (ауылшаркооперативінде) СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

      Өнеркәсіптік жылыжай кешенінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру кезінде ауылшартауарөндірушіде (ауылшаркооперативінде) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе өзге де санаттардағы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес) жер учаскелерінің болуы.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде әрекет ететін ауылшартауарөндіруші өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы туралы талап осындай жер учаскелері бар бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартқа қатысушыға қатысты қолданылады. Бұл ретте бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, өтінім (өтпелі өтінім) берген ауылшартауарөндіруші субсидия алушы болып табылады.

      Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауылшаркооперативі мынадай жағдайларда субсидияға өтінім (өтпелі өтінім) береді:

      ауылшаркооперативінің мүшелері тыңайтқыш сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативі мүшелері субсидия алушылар болып табылады;

      ауылшаркооперативі тыңайтқыш сатып алғанда, бұл ретте ауылшаркооперативі субсидия алушы болып табылады.

      Бұл ретте ауылшаркооперативіне мүшелік ауылшаркооперативі мүшелерінің жалпы жиналысының ауылшаркооперативінің мүшелеріне қабылдау туралы шешімінен үзінді-көшірменің электрондық көшірмесін өтінімге қоса тіркеу жолымен расталады.

      Бірлескен кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан, мүшелеріне жер учаскесі тіркелген шаруа немесе фермерлік қожалық субсидияға өтінімді (өтпелі өтінімді) шаруа немесе фермерлік қожалықтар тыңайтқыш сатып алған жағдайда береді, бұл ретте шаруа немесе фермерлік қожалық субсидия алушы болып табылады.

      Шаруа немесе фермерлік қожалыққа мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру жолымен расталады.

      Лизингтік компанияға жер учаскелеріне жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығын беруді көздейтін дайын объектінің лизингі жағдайында, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) лизингтік компания растайтын жер учаскелерінің деректемелерін көрсетеді.

      6) соңғы екі жылдағы (ағымдағы және алдыңғы жылдары) ауыспалы егіс туралы мәліметтің болуы.

      Ескерту. 66-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 3-1-параграф. Субсидияларды аванстық төлеммен алу шарттары

       Ескерту. 4-тарау 3-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      66-1. Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты аванстық субсидиялау тетігін қолдана отырып, тыңайтқыш өндірушіден арзандатылған құны бойынша жоспарлап сатып алған жағдайда, тыңайтқыш өндірушінің екінші деңгейлі банктегі субсидиялар көлемі аударылатын арнайы шотына (бұдан әрі – арнайы шот) тыңайтқыш өндірушіге субсидияларды аванстық төлеммен аудару жүзеге асырылады. Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 66-тармағының 4) тармақшасында көзделген шарттарды орындаған сәтке дейін арнайы шоттан қаражатты үшінші тұлғалар шешіп алмауы тиіс.

      Ескерту. 66-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 28.06.2024 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66-2. Арнайы шотқа субсидиялар алу үшін тыңайтқыш өндіруші тыңайтқыштарды арзандатылған құны бойынша ай сайынғы өткізу көлемін белгілейтін тиісті жылға арналған жоспар (бұдан әрі – тыңайтқыштарды өткізу жоспары) жасайды.

      Тыңайтқыш өндіруші ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін келесі жылға СМАЖ арқылы Басқармаға қосылған құн салығын есепке алмай бағаларды көрсете отырып, тыңайтқыштарды өткізу жоспарын жібереді. Бұл ретте, 2024 жылы субсидиялау үшін тыңайтқыш өндіруші Басқармаға тыңайтқыштарды өткізу жоспарын 2024 жылғы 1 сәуірге дейін жібереді.

      Басқарма қаржыландыру жоспарын тыңайтқыштарды өткізу жоспарын ескере отырып қалыптастырады. Қаржыландыру жоспарына өзгерістер бекітілгеннен және (немесе) кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Басқарма тыңайтқыш өндірушінің Жеке кабинетіне ағымдағы жылы арнайы шотқа аудару жоспарланып отырған бюджет қаражатының көлемдері туралы хабарлама жібереді. Арнайы шотқа субсидияларды аудару ай сайын тыңайтқыш өндіруші растаған ақпарат негізінге СМАЖ-да қалыптастырылған төлем шоты негізінде жүргізіледі. Арнайы шотқа субсидияларды аудару тиісті айға Қаржыландыру жоспарында көзделген қаражаттың 60 (алпыс) пайызынан аспайтын көлемде, көзделген қаражаттың 40 (қырық) пайызынан асатын сомаға аванстық субсидиялау тетігін қолданбай өтінімдер (өтпелі өтінімдері) келіп түскен жағдайда жүргізіледі.

      Басқарма бекітілген Қаржыландыру жоспарына сәйкес тыңайтқыш өндірушіге тыңайтқыш құнының 60 (алпыс) пайызы мөлшерінде аванстық төлеммен субсидиялар аударуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 66-2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66-3. Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 19-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштарды отандық тыңайтқыш өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алу кезінде тиесілі субсидияларға ақы төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық түрде береді.

      Өтпелі өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылы сатып алынған тыңайтқыштар үшін тиісті жылдың 1 ақпанынан 20 қыркүйегіне дейін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

       Өтпелі өтінімдер бойынша субсидияларды есептеу және төлеу осы Қағидалардың 67, 68, 72, 73, 74 және 75-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 66-3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       66-4. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 66-тармағының 4) тармақшасында көзделген шартты орындағаннан кейін арнайы шоттағы қаражатты пайдаланады. Бұл ретте, өтпелі өтінімді Басқарма растағаннан кейін тыңайтқыш өндірушінің Жеке кабинетіне арнайы шоттан қаражат алу үшін электрондық хабарлама жіберіледі.

      Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидаларға 19-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемені қабылдаған кезде арнайы шоттағы қаражатты пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте, қаражат тыңайтқыштарды өндіру мақсаттары үшін ғана оларды ауылшартауарөндірушілерге (ауылшаркооперативіне) одан әрі сата отырып пайдаланылуы мүмкін.

      Тиісті жылдың 1 қарашасына арнайы шотта пайдаланылмаған қаражаттың қалдықтары болған кезде, сондай-ақ тыңайтқыш өндіруші қабылдаған міндеттемені орындамаған жағдайда, тыңайтқыш өндіруші оларды тиісті жылдың 10 қарашасына дейін Басқарманың шотына қайтарады.

       Арнайы шотқа аударылған бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, аванстық субсидиялау тетігі шеңберінде өтпелі өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Мұндай жағдайда өтпелі өтінімдерді қабылдау осы Қағидалардың 71-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер тыңайтқыш өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген сәтке дейін арнайы шоттағы бюджет қаражаты таусылса, онда ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді кері қайтарып алады.

      Ескерту. 66-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 28.06.2024 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      66-5. Осы параграфтың нормалары тыңайтқыштар өндірудің толық циклі бар тыңайтқыштар өндірушілерге қолданылады.

      Ескерту. 66-5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 4-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

  1. Субсидиялар ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) мәлімдеген тыңайтқыштардың түрлері мен көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына ауыл шаруашылығы дақылдарының топтары бойынша тыңайтқыштарды енгізудің шекті нормаларын ескере отырып), тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

      С = Nе х S х Nc,

      мұнда:

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      Nе – субсидияларды есептеу үшін СМАЖ-да орналастырылған, 1 гектарға тыңайтқыш енгізудің шекті нормасы (физикалық салмақта тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар);

      S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (аталған алаң осы ауылшартауарөндірушіге (ауылшаркооперативіне) жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);

       Nс – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 68-тармағына сәйкес айқындалады).

       Тыңайтқыштарды енгізу нормаларынан төмен сатып алған кезде субсидиялар нақты сатып алынған тыңайтқыштар бойынша есептеледі, тыңайтқыштар енгізу нормаларынан асқан жағдайда, субсидиялар белгіленген тыңайтқыштар енгізу нормалары бойынша есептеледі.

      Ауыл шаруашылығы дақылдарының топтары бойынша тыңайтқыштар енгізудің шекті нормаларын Басқарма СМАЖ-да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – РММ) қорытындылары негізінде орналастырады. РММ қорытындысы болмаған жағдайда, тыңайтқыштарды енгізудің шекті нормаларын есептеу ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттелген және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың бірінің деректері негізінде пайдаланылады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Аванстық субсидиялау тетігін қоспағанда және тыңайтқыштар өндірудің толық циклі бар тыңайтқыштар өндірушілерден сатып алғанда, тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштарға қосылған құн салығы есепке алынбай, тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес келетін мөлшерде абсолютті мәнде (теңге) белгіленеді.

      Аванстық субсидиялау тетігін қолдану кезінде тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормасы және тыңайтқыштар өндірудің толық циклі бар тыңайтқыштар өндірушілерден сатып алғанда, қосылған құн салығын есепке алмағанда, нақты сатып алынған тыңайтқыштар құнының 60 (алпыс) пайызын құрайды.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.06.2024 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргізіледі.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидиялар ЖАО органы қаулысымен бекітілген субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.

  1. Сатушы өткізетін тыңайтқыштар құнына буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, қосылған құн салығы, республиканың тиісті өңіріндегі межелі (босату) пунктке дейінгі көлік шығыстары кіреді.

 5-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

  1. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алынған тыңайтқыштар үшін тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      2023 жылы сатып алынған тыңайтқыштар үшін өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау 2024 жылғы 1 ақпаннан 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

      ЖАО өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау басталғанға дейін күнтізбелік он төрт күн бұрын, оның ішінде қосымша қаражат бөлу кезінде ЖАО-ның ресми интернет-ресурсында және СМАЖ-да өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдаудың басталған күні туралы хабарландыру орналастырады.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.03.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жеке кабинетте тізілімнің деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:

      1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) және тыңайтқыштарды өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиіс;

      2) Басқарма жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.

  1. Жеке кабинетте тіркелу үшін ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндiрушi мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін: ЖСН-сы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі;

      2) заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: БСН, толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-ы;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндіруші бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

       1) осы Қағидалардың 66-тармағының 4), 5) тармақшаларының талаптарын СМАЖ-бен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім не осы Қағидалардың 66-тармағының 5) тармақшасының талаптарын СМАЖ-бен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтпелі өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім (өтпелі өтінім) СМАЖ-да ауылшартауарөндірушінің, ауылшаркооперативінің ЭЦҚ-сын қою арқылы тіркеледі және Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Басқарманың электрондық мекенжайына өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Егер Басқарманың төлем шоттарын қалыптастыру сәтіне дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алуға мүмкіндігі болады. Бұл ретте, өтпелі өтінімдерді кері қайтарып алуға жол берілмейді.

      Бұл ретте, төлем шоттары қалыптастырылғаннан кейін деректердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, субсидиялар төленген сәтке дейін Басқарманың қайтару себебін (уәжді бас тарту) көрсете отырып,өтінімді қайтаруға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.09.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Басқарма өтінім (өтпелі өтінім) тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды не уәжді бас тартады. Бұл ретте, өтінімді (өтпелі өтінімді) растау туралы хабарлама не осы ұсынудан уәжді бас тарту электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) СМАЖ-дағы Жеке кабинетіне жіберіледі.

       Бұл ретте, өтпелі өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндірушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 66-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізеді.

       Тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың 66-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы енгізбеген жағдайда, өтпелі өтінім жойылады. Бұл ретте, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде өтпелі өтінімнің жойылғаны туралы хабарлама қолжетімді болады.

  1. Басқарма тыңайтқыштардың құнын субсидиялау жөніндегі жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарына сәйкес СМАЖ-да "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын:

       Басқарма осы Қағидалардың 75-тармағына сәйкес өтінімді қабылданғанын растағаннан кейін;

       осы Қағидалардың 66-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес тыңайтқыштарды өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      Бұл ретте, субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама электрондық құжат нысанында ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетіне жіберіледі.

Дата публикации
11 декабря 2024