Мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімі

1. Жалпы ережелер

1. Мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімі (бұдан әрі Бөлім) «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Басқарма) кұрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім 03 қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазакстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.

ІІ. Негізгі міндеттері, функциялары

4. Бөлімнің негізгі міндеті мал шаруашылығында өндірілетін өнімнің өсуі мен сапасына бағытталған Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру:

мал шаруашылығын, оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мониторингін жүзеге асыру; мал шаруашылығында еңбекті ұйымдастырудың жаңа технологиялары

мен прогрессивті нысандарын енгізу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру; мал шаруашылығын дамытуды, асыл тұқымды малдардын гендік қорын сақтау мен қалпына келтіруді субсидиялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

5. Функциялар:

1) облыста және одан тыс жерлерде мал шаруашылығының даму жай- күйіне тұрақты мониторинг жүргізу, талдау және олардың негізінде жана технологияларды жетілдіру, енгізу және мал шаруашылығы саласы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, оларды жалпы үйлестіру және орындауға катысу;

Дата публикации
11 октября 2024