1. Жалпы ережелер
1. Өсімдік шаруашылығы, техникалык инспекция және механикаландыру бөлімі (бұдан әрі бөлім) «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
3. Бөлім өз қызметінде Қазакстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазакстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен баскарма басшысы бекітеді.
ІІ. Негізгі міндеттері, функциялары
4. Бөлімнің негізгі міндеті өсімдік шаруашылығында өндірілетін өнімнің өсуі мен сапасына бағытталған Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады:
1) өсімдік шаруашылығының даму мониторингін жүзеге асыру; 2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жолдары мен әдістерін айқындау және енгізуге жәрдемдесу, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау.
5. Функциялар:
1) ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыруды ұйымдастыру;