«Абай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ қызметтіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық есеп

 

«Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Басқарма басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс тобы мүшелерімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Басқарма басшысының 2024 жылғы 29 наурыздағы №16 н/қ бұйрығы негізінде құрылған жұмыс тобымен ағымдағы жылдың 2-6 мамыр аралығында     1 ақпаннан 30 сәуір аралығындағы кезеңдегі жұмыс мерзіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (Мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша).

 

Басқарма Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы саласындағы атқарушы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, «Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес басқарма азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша және реттеу, енгізу, бақылауды қамтитын 86 функция шеңберінде қызметін жүзеге асырады.

Талдау үшін дереккөз ретінде Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, ішкі құжаттары, мемлекеттік қызметшілерінің жеке істері алынды.

 

Дата публикации
15 мая 2024