жоба
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 38-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев