
Қазіргі таңда Абай облысының аумағында әртүрлі меншік нысанындағы 116 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде 2025 жылдың күзінде коммуналдық меншікке қабылданған 21 шаруашылықішілік канал бар.
Аталған ГТҚ-лардың құрамына 10 су қоймасы, 20 гидроторап, 41 магистральдық канал, 1 кеме жүретін шлюз, 15 тоған, 6 бөгет және 23 шаруашылықішілік канал кіреді.
Бұл құрылыстар суды реттеу, суару, елді мекендерді су тасқынынан қорғау, сондай-ақ сумен жабдықтау функцияларын атқарады.