
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласында барлық түрдегі ет пен сүт өндірісінің тірі салмақтағы көлемі тиісінше 104,9% және 102,7% құрады. Жалпы ет өндірісі 43,3 мың тоннаны, сүт өндірісі 101,9 мың тоннаны құрады.
2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ірі қара мал саны - 1 020,0 мың басты құрады, қой мен ешкі саны - 1 622,9 мың басты құрады, жылқы саны - 518,9 мың басты құрады, құс саны -1 746,9 мың басқа жетті.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар - 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар - 18 айдан бастап, жылқы шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, түйе шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша - 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша - 24 айдан бастап, шошқа шаруашылығы бойынша: тауарлы және асыл тұқымды - 8 айдан бастап, толықтыратын бас – 4 айдан бастап);