Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
s.esenamanov@akimatabai.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Есенаманов Сержан Төлеуханұлы
"Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшының орынбасары
Общая информация, образование

Есенаманов Сержан Төлеуханұлы 1978 жылғы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарамойыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы машина жасау және агротехникалық сервис» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 2000 жылы «Сеил» шаруа қожалығының басшысы қызметінен бастады.

2000–2007 жылдары «Сеил» шаруа қожалығының басшысы;

2007–2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің келісімшарт бойынша маманы;

2008–2009 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының өндірістік-эксплуатациялық учаскесінің техник-электромеханигі;

2011–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, техник-инженер-инспекторы;

2013–2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы;

2015–2022 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы секторының бас маманы, кейін «Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы секторының бас маманы;

2022–2025 жылдары «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ, кейін «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ өсімдік шаруашылығы, техникалық инспекция және механикаландыру бөлімінің басшысы;

2025 жылы «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ өсімдік шаруашылығы және механикаландыру бөлімінің басшысы;

2026 жылы «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушының орынбасары.

2026 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы