
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Е. Булегеновтің тапсырмасы бойынша «Переток» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдары мен мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу және жолын кесу шаралары, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту мәселелері талқыланды.