GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Департамент туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қатынастары
23 октября 2026
Абай облысы әкімінің орынбасары М. Рахановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Абай облысы әкімінің орынбасары М. Рахановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Департамент басшысының орынбасары Қайрат Еділұлы Жөкебаев қатысты.
Отырыста құрылыс нысандарында жүк көтергіш механизмдермен, оның ішінде мұнаралы крандармен жұмыс істейтін операторлардың өндірістік жарақаттануының алдын алу және өлім-жітім жағдайларын азайту мәселелері қаралды.
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешегін азайту және төлемдердің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, мұнаралы кран операторларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті азайту және міндетті төлемдердің уақытылы төленуін қамтамасыз ету бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

 

Толық бейнематериалды сілтеме арқылы көре аласыз:https://www.gov.kz/org/abai-enbek/press/media/details/90371?lang=ru

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қатынастары
23 октября 2026
Мемлекеттік еңбек инспекторы «СтройИндустрия» ЖШС-де ауыр зардаптарға әкеп соққан жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруде».

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 187-бабына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде жұмыс беруші:
1. зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет болған жағдайда оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2. тергеп-тексеру басталғанға дейін еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған жердегі жағдайды (жабдықтар мен механизмдердің, еңбек құралдарының жай-күйін) оқиға болған сәттегі қалпында сақтауға, егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе және өндірістік процестің үздіксіздігі бұзылған жағдайда аварияға әкеп соқпаса, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
3. жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адамның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына дереу хабарлауға, сондай-ақ осы Кодексте және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
4. еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің оқиға болған жерге кіруіне рұқсат беруге міндетті.
2. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша бір тәулік ішінде дереу мынадай органдарға хабарлайды:
1. аумақтық бөлімшеге;
2. қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда орын алған жазатайым оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне;
3. кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;
4. жұмыскерлердің өкілдеріне;
5. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 321-VI Заңына сәйкес алып тасталған;
6. жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына, сондай-ақ арнайы тергеп-тексерілуге жататын жағдайларда өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарға.
2-1. Жұмыс беруші жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруы кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына жазатайым оқиғаның болғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.

Толығырақ сілтеме арқылы көре аласыз:https://www.gov.kz/org/abai-enbek/press/media/details/90362?lang=ru

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қатынастары
22 октября 2026
ЖАО-мен бірлесіп: Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кездесу өтті
 
Мемлекеттік еңбек инспекторы жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымымен еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
 
Іс-шара барысында Абай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы М. А. Жунусова медицина қызметкерлеріне еңбек заңнамасының негізгі нормалары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Ерекше назар еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеуге және оларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) міндетті түрде тіркеуге аударылды.
 
Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың еңбек құқықтарын қорғауға, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы ықтимал бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
 
Толық мәліметті сілтеме арқылы көре аласыз:

https://www.gov.kz/org/abai-enbek/press/media/details/90340?directionId=80333&lang=ru

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қатынастары
22 октября 2026
Еңбек құқықтарын қорғағаны үшін қызметкердің мемлекеттік еңбек инспекторына алғысы.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне қызметкер өзінің еңбек құқықтарының бұзылуына қатысты өтінішпен жүгінді. Өтінішті қарау және тиісті шаралар қабылдау нәтижесінде оның құқықтары еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қалпына келтірілді.

Ұсынылған бейнематериалда өтініш беруші өз оқиғасымен бөлісіп, еңбек құқықтарын қорғағаны үшін мемлекеттік еңбек инспекторына алғысын білдіреді.

Толық бейнематериалды сілтеме арқылы көре аласыз:

https://www.gov.kz/org/abai-enbek/press/media/details/90334?lang=ru

Еңбек қатынастары
Жұмыспен қамту
22 октября 2026
Мемлекет басшысы телекөпір режимінде Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты

Президент салтанатты рәсімде сөз сөйлеп, Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында салынатын мыс балқыту зауытын тұтас ел экономикасының өркендеуіне тың серпін беретін аса маңызды жобаның бірі деп атады.

Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/org/abai-enbek/press/media/details/90299?lang=ru

 

19 октября 2026
Қауіпсіздік нұсқамадан басталады: жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырылуы тиіс екенін білесіз бе?

Кез келген өндірісте, құрылыс алаңында немесе басқа да жұмыс орындарында белгілі бір қауіп-қатерлер болады. Сондықтан уақтылы өткізілетін нұсқама – жай ғана формалдылық емес, жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды шарасы.

❗ Жұмыс беруші нені қамтамасыз етуге міндетті?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші:

✅ Нұсқама беру және оқытуды жүргізуге – жұмыскерлерге еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау қағидаларын түсіндіруге және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге;

✅ Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге – кәсіптік тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алу мен төмендету жөнінде шаралар қабылдауға;

✅ Қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге – жұмыскерлерді белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;

✅ Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауға – белгіленген қағидалардың орындалуын қадағалауға және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;

✅ Медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыруға – заңнамада көзделген жағдайларда өз қаражаты есебінен медициналық қарап-тексерулер өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

⚠ Білу маңызды!

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қажетті оқытудан және білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

Сонымен қатар, жұмыскердің өзі де белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалануға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға міндетті.

Нұсқаманы тек формалды түрде өткізу қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Әрбір жұмыскер ықтимал қауіп-қатерлерді түсініп, қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды.

Есіңізде болсын: жазатайым оқиғаның салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – жұмыс берушінің міндеті және әрбір жұмыскердің құқығы!

#ЕңбектіҚорғау #ЕңбекҚауіпсіздігі #ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #МЕИК

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қатынастары
16 октября 2026
ӘРПК талаптарының сақталуы бойынша апта сайынғы кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) талаптарын азаматтардың өтініштерін тіркеу, қарау және әрі қарай жолдау кезінде ӘРПК талаптарының мүлтіксіз сақталуы бойынша апта сайынғы кеңес өткізілді.

Кеңес барысында ӘРПК талаптарын қолдану бойынша білім деңгейі тексеріліп, әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштерін құзыреті бойынша әрі қайта жолдау мерзімдерін сақтау, олардың түрін өзгерту негіздері және қарау мерзімдерін ұзарту мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуына және оларды құзыреті бойынша уақтылы қайта жолдауға ішкі бақылауды күшейту және қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу тапсырылды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қатынастары
16 октября 2026
Еңбек инспекторы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін өткізді

Абай облысының еңбек инспекторы «ГМК «Васильевское» ЖШС қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

16 октября 2026
⚖️ Өтініштен нәтижеге дейін: мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыскерлерге қалай көмектеседі?

Әрбір жұмыскердің жалақысын уақтылы алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және еңбек құқықтарының сақталуына құқығы бар.

Алайда іс жүзінде жұмыс берушінің жалақыны кешіктіруі, тиесілі төлемдерді төлемеуі, еңбек шартының талаптарын бұзуы немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтамауы сияқты жағдайлар кездеседі.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, не істеу керек?

📌 1-қадам. Өтініш беріңіз

Жұмыскер жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық департаментіне, оның ішінде e-Otinish порталы арқылы өтініш бере алады.

📌 2-қадам. Өтінішті қарау

Мемлекеттік еңбек инспекторлары өтініште көрсетілген мән-жайларды зерделейді, ұсынылған құжаттарды талдайды және заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда жұмыс берушіге тексеру жүргізеді.

📌 3-қадам. Тиісті шаралар қабылдау

Егер заңбұзушылықтар расталса, мемлекеттік еңбек инспекторы өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілуі, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

📌 4-қадам. Орындалуын бақылау

Еңбек инспекциясының жұмысы заңбұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жұмыскерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.

Біздің міндетіміз – заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жұмыскерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге ықпал ету.

Егер еңбек құқықтарыңыз бұзылса, бұл жағдайды назардан тыс қалдырмаңыз. Мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгініңіз.

#ЕңбекИнспекциясы #ЕңбекҚұқықтары #ЖұмыскерлердіңҚұқықтарынҚорғау #ЕңбекЗаңнамасы #МЕИК

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қатынастары
16 октября 2026
Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ ұжымымен кездесу

Профилактикалық бақылау барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары мектеп қызметкерлеріне еңбек заңнамасының нормаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде түсіндірді. Кездесу барысында еңбек заңнамасындағы өзгерістер, қызметкерлердің негізгі еңбек құқықтары, келісу комиссиясының жұмыс тәртібі және басқа да мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, қызметкерлердің жұмыс орындары, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен, еңбек міндеттерін орындау кезінде дезинфекциялау            құралдарымен қамтамасыз ету тексерілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы