Ақтөбеде коменданттық сағат уақыты 23-00-ден таңғы 7-00-ге дейін ұзартылды.
Облыс аумағына 9 блокпост қойылды. Оның үшеуі Ақтөбе қаласына кіріп-шығу жолында, өзгесі аудандарға қойылды.
Блокпостарда полиция мен қорғаныс қызметкерлері жұмыс істеп тұр. Кіріп-шығып жатқан жолаушылардан тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілуде. Ал блокпостарда тыныштықты сақтап тұрған әскерилерге жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ жеткізуде.