Қарағанды облысында жағдай тұрақты

Қарағанды облысында өміршендікті қамтамасыз ететін, сауда, бизнес нысандарының барлығы, қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қоғамдық тәртіп бұзушылық жоқ. 

Бұл жайлы облыс әкімінің м.а. Жеңіс Қасымбекке облыстың барлық құрылымдарының

«Біз еліміздің тынышты мен тұрақтылығын бұзу қаупінің куәгері болып отырмыз. Осы күндері көптеген өңірлерде бейбіт тұрғындар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бизнес нысандары, мемлекеттік мекемелер зардап шекті. Біздің өңірде жағдай тұрақты және бақылауда. Еліміздің басына туған осы бір қиын жағдайда азаматтарымыз даналық, сабырлық танытып, деструктивті күштердің арандатушылығына бой бермегені үшін алғысымызды айтамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Дата публикации
08 января 2022