ІІМ: 4266 адам ұсталды, арасында шетелдіктер бар

Ұсталғандар арасында шетел азаматтары бар. Алматы облысы ауылдарының бірінде 100-ден астам адам ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, көршілес мемлекет азаматтары ұсталды. Жамбыл облысының елді мекенінде қару қоймасы (бірнеше автомат пен тапанша) анықталған. Бұл туралы ІІМ хабарлады.

Сондай-ақ Алматы полицейлері Қалқаман шағынауданындағы көлікке техникалық қызмет көрсету орнынан патрондар, оқ-дәрілер мен ұрланған мүлік (велосипедтер, теледидар және ұялы телефондар) анықтаған.

Сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

Дата публикации
08 января 2022