Сұйытылған мұнай газына шекті бағалар енгізілуде

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 119-бабына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында сұйытылған мұнай газын уақытша мемлекеттік бағалық реттеу туралы бұйрық қабылдады. Бұйрықпен автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын (СМГ) бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген: өңірлерде - литрі 50-ден 70 теңгеге дейін, шалғай аудандарда - литрі 55-тен 75 теңгеге дейін, барлығы ҚҚС-ты ескере отырып жасалды. Сондай-ақ, бұйрықпен сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы көтерме саудада өткізуге шекті бағалар белгіленген.

 Бұйрықтың қолданылу мерзімі – 180 күнтізбелік күн, 2022 жылдың 5 қаңтарында тіркелді және күшіне енді.

Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөліктерге құйылатын сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары

№

Тауар нарығының географиялық шекаралары

Шалғай аудандарды алмағанда, қосылған құн салығымен  қосқанда шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литрі теңге

Облыс орталығынан шалғайдағы аудандар үшін (200 (екі жүз) километрден астам) қосылған құн салығымен қосқанда шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литрі теңге

1.

Нұр-Сұлтан қ.

70

-

2.

 Алматы қ.

65

-

3.

Ақтөбе облысы

50

55

4.

Атырау облысы

50

55

5.

Ақмола облысы

70

75

6.

Алматы облысы

70

75

7.

Шығыс Қазақстан облысы

60

65

8.

Жамбыл облысы

60

65

9.

Батыс Қазақстан облысы

60

65

10.

Қостанай облысы

70

75

11.

Қызылорда облысы

60

65

12.

Қарағанды облысы

70

75

13.

Маңғыстау облысы

50

55

14.

Павлодар облысы

70

75

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

70

75

16.

Түркістан облысы

60

65

17.

Шымкент қ.

60

-

 

Дата публикации
07 января 2022