МЖӘ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША КОНКУРСТАРҒА ҚАТЫСУДЫ ШЕКТЕЙТІН КЕДЕРГІЛЕР ЖОЙЫЛДЫ

МЖӘ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША КОНКУРСТАРҒА ҚАТЫСУДЫ ШЕКТЕЙТІН КЕДЕРГІЛЕР ЖОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау қаласының жасыл желектеріне күтім жасау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурс ұйымдастыру кезінде бәсекелестік қағидаттарының бұзылғанын анықтады.

Жүргізілген тергеп-тексеру барысында «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі дайындаған конкурстық құжаттамада әлеуетті жекеше әріптестердің қатысуын шектейтін негізсіз талаптар болғандығы анықталды. Осылайша, ММ тарапынан әлеуетті қатысушылардың құқықтарын шектейтін және нарықтағы адал бәсекелестікке кедергі келтіретін конкурс шарттарын белгілеуде көрсетілген бәсекелестікке қарсы іс-қимылдар қаралады.

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының шешімімен басқарманың әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзылды деп танылды. Сот департаменттің құқықтық ұстанымын қолдап, оның бұйрығын қолдады. Бұдан басқа, сот алқасы Басқарма басшылығы мен «Atyrau Innovations» ЖШС атына МЖӘ жобалары бойынша конкурстық құжаттаманы дайындау кезінде осындай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды ұйғаратын жеке ұйғарым шығарды.

Осылайша, басқа да әлеуетті жекеше әріптестер үшін «Атырау қаласының жасыл желектеріне күтім жасау» жобасы бойынша конкурсқа қатысуға қолжетімділікті шектейтін тосқауыл жойылды. Бұл өңірде МЖӘ жобаларын іске асыруға бәсекелестік, ашықтық және тең қолжетімділік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.