Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «BW-invest» ЖШС, «Шебер-СВТ» ЖШС, «ТочкаОпта» ЖШС, «ДД и компания» ЖШС және «Reliable partner 2017» ЖШС қатысты картельдік келісім белгілері бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.
Аталған компаниялардың Қазақстан Республикасында болат құбырларын сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуларға қатысуы барысында картельдік келісім белгілері анықталған (ҚР КК 169-бабы 1-тар. 2) тар.).
Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша нарық субъектілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен картельге қатысушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен 18 267 173 теңге көлемінде айыппұл және 28 412 021 теңге көлемінде монополиялық кірісті тәркілеу тағайындалды.
Сот қаулылары заңды күшіне енді.
Сондай-ақ, Департамент тарапынан картельдік келісімге қатысқан тұлғаларға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы нұсқамалар жіберілді.