Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) қызметкерлеріне арналған деректер талдауы бойынша оқыту бағдарламасы аяқталды. Бағдарламаның мақсаты – Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінің аналитикалық құзыретін дамыту.
Оқыту барысында БҚДА-ның 50 қызметкері деректер базасымен жұмыс істеу, Python тілінде бағдарламалау және ақпаратты визуализациялау сынды заманауи талдау құралдарын меңгерді. Бағдарлама онлайн дәрістерді, практикалық сабақтарды және нақты кейстерді талдауды қамтыды.
Алынған дағдылар қызметкерлерге нарықтағы жағдайды дәлірек және жедел талдауға, негізделген шешімдер қабылдауға және нарықтағы өзгерістерге тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Оқу аясында сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі Астана қаласында өтті. Қатысушыларға сертификаттарды БҚДА Төрағасы Марат Омаров пен Азия даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы елдік директоры Кумар Утсав табыс етті. Агенттік басшылығы АДБ-ға аталмыш бастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта Агенттіктің институционалдық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында осындай бағдарламалар жалғасын табатынын атап өтті.
Оқыту бағдарламасы Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылды.