Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері биылғы жылдың 17 ақпаны мен 19 наурыз аралығында Қолданбалы экономика зерттеу орталығы ұйымдастырған эконометрика бойынша оқытуды сәтті аяқтады.
«Econometrics in Practice: Data Analysis in EViews» воркшоп-курсы аясында қатысушылар статистикалық талдау әдістерін меңгеріп, экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстарды анықтауды және EViews бағдарламасын пайдалана отырып, болжамдық модельдер құруды үйренді. Оқу бағдарламасы дәрістерді, практикалық сабақтарды және нақты кейстерді талдауды қамтыды, бұл қатысушыларға нарықтық процестерді тереңірек түсінуге және аналитикалық жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Алынған білім тауар нарықтарын талдауда қолданылып, бәсекелестікті реттеу тиімділігін арттыруға және стратегиялық шешімдерді әзірлеу сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.