БҚДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФОРУМДА: БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ САЛАНЫҢ ЖАҢА СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРІ

БҚДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ФОРУМДА: БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ САЛАНЫҢ ЖАҢА СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРІ

ТЕГЕУРІНДЕРІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері Алматыда өткен 16-шы Халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форумға қатысты.

Іс-шара аясында ЕАЭО елдерінің бизнес-қоғамдастығы мен реттеуші органдары фармацевтикалық нарықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

«Еуразия өңірі елдеріндегі баға белгілеу» панельдік сессиясында түйінді баяндамамен. 2024-2025 жылдарға арналған сын-тегеуріндер мен шешімдер" тақырыбында БҚДА-ның Әлеуметтік сала департаментінің директоры Мира Тұяқбаева сөз сөйледі. Ол саланың проблемалық аспектілерін атап өтті және бәсекелестікті ынталандыру үшін монополияға қарсы ведомство қабылдаған шараларды ұсынды. Инновацияларға, дәрі-дәрмек бағасының төмендеуіне және өмірлік маңызды препараттарға қолжетімді етуге ықпал ететін салауатты бәсекелестік ортаны сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Форум барысында қатысушылар Агенттіктің реттеу саласындағы елеулі жетістіктерін, атап айтқанда денсаулық сақтаудағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі жол картасын іске асыруды атап өтті. Оны орындау нәтижесінде: 952 рецептсіз сатылатын препараттарға бағаны реттеу жойылды және дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды қалыптастыру тәсілдері жаңартылды. Сондай-ақ, Қазақстанда дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу мемлекеттік қызметі енгізілді. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың барлық сатып алулары электрондық форматқа ауыстырылды, бұл олардың ашықтығын едәуір арттырды және сатып алуға өтінімдерді беруді автоматтандыру енгізілуде.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дәрілік заттардың қолжетімді етуге және қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал ететін ашық нарықтық тетіктерді құру бойынша белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.