МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ АГЕНТТІК «ALLUR AUTO ASTANA» ЖШС-ДЕ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ АЛУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ АГЕНТТІК «ALLUR AUTO ASTANA» ЖШС-ДЕ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫҢ КЕПІЛДІК ҚЫЗМЕТ АЛУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Allur Auto Astana» ЖШС іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Компания сатып алушылардың құқықтарын шектеп, мотор майын ауыстырған және тәуелсіз қызмет көрсету орталықтарында техникалық қызмет көрсеткен жағдайда автокөлік кепілдігін алып тастағаны анықталды. Осылайша, автосервистік қызметтер нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергілер жасалып, тұтынушылардың құқықтары бұзылды.

Департамент анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы компанияның атына хабарлама жіберді.

Қазіргі уақытта «Allur Auto Astana» ЖШС осы шектеулердің жойылғанын растады. Енді сатып алушылар өз көліктеріне кепілдікті жоғалтпай уәкілетті және тәуелсіз қызмет көрсету орталықтарында қызмет ала алады.

 

 

Фото дереккөзі: virazh-atyrau.chevrolet-auto.kz