Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүйелі жұмыс аясында құс еті нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша жүйелі шешуді талап ететін негізгі проблемалар анықталды.
Талдау көрсеткендей, осы нарықта тарифтік квоталарды бөлу біркелкі емес: квоталардың 90% - бұрыннан келе жатқан жеткізушілер алады, ал жаңа қатысушылар тек 10% тиесілі. Бұл бәсекелестікті шектеп, нарықта жаңа қатысушыларының пайда болуына жол бермейді.
2023 жылы тауық еті өндірісінің 12% - ға өсуіне қарамастан, ішкі нарықта тұтыну қажеттілігі өз өндірісімен 66% - ға қамтамасыз етіледі. Импортқа тәуелділік 34% деңгейінде сақталып келеді. Бұған негізгі себеп өнімнің жоғары құны, мұнда 68% импорттық компоненттер бағасының ауытқуына ұшыраған жем есебінен қалыптасады. Сонымен қатар, өндірушілер үшін қосымша кедергі ретінде субсидиялардың кешігуі де себеп, бұл олардың қаржылық тұрақтылығына және өндірісті кеңейту мүмкіндігіне кері әсер етеді.
Талдау нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы мен Ұлытау облысының көтерме жеткізушілерінің атына аумақтық белгісі бойынша тауарларды қайта сатуға және әртүрлі бағаларды қолдануға шектеулерді қоса алғанда, үстем жағдайды теріс пайдалану туралы хабарламалар жіберілді.
Тұтынушылар үшін бағаның өсуіне тікелей әсер ететін 15% - дан асатын сауда үстемелерінің артуының анықталған фактілері бойынша Астана мен Маңғыстау облысындағы сауда үстемелерінің асып кету фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Өңірлік департаменттеріне өтініштер жолданды.
БҚДА талдау нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін жүйелі шаралар қабылдау үшін ұсыныстар жолданды. Олардың ішінде - субсидиялар туралы хабарлау процестерін автоматтандыру, оларды бөлу өлшемшарттарын қайта қарау, нарыққа қатысушыларды кемсіту жайларын жою, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мерзімдерінің сақталуына қатысты бақылауды күшейту бар.
Дәрілік заттарды көтерме сату нарығындағы бәсекелестік жағдайының талдау нәтижелері осы сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/705796?lang=ru
Сурет amurmedia.ru/ сайтынан алынды.