«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТТАРДЫ ҚАРАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 21 СӘУІРДЕГІ № 29 БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШХАТТАРДЫ ҚАРАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 21 СӘУІРДЕГІ № 29 БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – агенттік) «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының бұйрығының жобасын әзірледі (әрі қарай - Қағидалар).

2024 жылғы 6 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 71-VIII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Осыған байланысты, агенттік «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынады. Бұдан басқа, қағидаларды көрсетілетін қызметті берушінің атауы бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес келтіру қажет.

 

Барлық мүдделі Тараптарды осы жоба бойынша ұсыныстар жіберуге шақырамыз, олармен Агенттіктің сайтында сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15019414

 

Жобаға ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекенжайға қабылданады a.kudaikulova@azrk.gov.kz