Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті отандастар!
 
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы баршаңызды халқымыздың ең ұлық мерекесі әз-Наурызбен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жылдың арайлап атқан әр таңына үкіленген үміт тағылады, Ұлыстың ұлы күнін қашанда ынтымақ пен ырыс тілеп қарсы аламыз; ақ дастарханымыз бен ыстық құшағымыздың айқара жайылатыны сондықтан.
Наурыз – жаңару мен жаңғырудың мейрамы.

Келіп жеткен Жыл басы елімізге және әр шаңыраққа зор бақыт пен мол байлық сыйласын!