«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензия қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасауына байланысты 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № KZ53LDU00004076 «Қазақстан» Тауар биржасы» АҚ-ның тауар биржалары саласындағы қызметпен айналысу құқығына тиісті лицензия иесінің қызметі тоқтады.
Заңның 35-бабының 3-тармағына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиаттар жүзеге асыруға қолданысы тоқтатылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығы жоқ екенін атап өтеміз.