АГЕНТТІК «ЭСТАУ» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАМА ШЫҒАРДЫ

АГЕНТТІК «ЭСТАУ» ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАМА ШЫҒАРДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Эстау» Тауар биржасы» АҚ (бұдан әрі – Тауар биржасы) қатысты профилактикалық бақылау жүргізді. Аталмыш бақылау субъектілерінің жартыжылдық тізімі негізінде ұйымдастырылды.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша Агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағының талаптарының тізбесінде көрсетілген талаптарды 4 бұзушылықты анықтады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына сәйкес Агенттік Тауар биржасына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды.