ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ МЕН «HILL» ЖШС CORPORATION» АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІМІ

ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ МЕН «HILL» ЖШС CORPORATION» АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІМІ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚТЖ-ЖТ мен "Hill Corporation" арасындағы (мотор майын өндіруші) локомотивтер мотор майын жеткізу саласында 624 млн. теңгеден астам бәсекелестікке қарсы келісімін анықтады.

Бүгінгі таңда монополияға қарсы тергеу материалдары сотқа дейінгі іс жүргізу үшін ҚР ҚМА-ге жолданды. Бұл туралы Агенттіктің алқа отырысында

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров мәлімдеді.

БҚДА мәліметінше, ҚТЖ-ЖТ мотор майларын сату кезінде жеткізушілерді кемсітіп, олардың май сатып алу ісіне қатысуына кедергі болған.

Осылайша, о бастан ҚТЖ-ЖТ әрекеттері “HILL Corporation” мүддесі үшін жасалған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта тергеу нәтижелеріне қатысты жоғарыда атаған тарап сотқа жүгінді, демек, заңбұзушылыққа барған тарап сот шешімі заңды күшіне енгенше, кінәсіз деп саналады.