«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ЖОБАСЫН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ЖОБАСЫН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын орналастыру туралы хабарлайды.

Заң жобасының мақсаты - тауар нарықтарын монополиядан арылту және мемлекеттің кәсіпкерлік ортаға араласуын көрсеткішін төмендету.

Осы мақсатта Заң жобасында негізгі мынадай бағыттар көзделеді:

  • монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыру;
  • бизнеске жүктемені азайту;
  • ұжымдық талаптар институтын енгізу;
  • негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту.

Барлық мүдделі тараптарды консультативтік құжаттың жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен төмендегі сілтеме бойынша «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.

(https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14827026)

Жобаға ескертулер мен ұсыныстар да аталмыш a.kalymbetuly@azrk.gov.kz электрондық поштада қабылданады.